13-19 қараша аралығында өткен «Бүкіләлемдік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы» аясында ДСДРО медицина, фармацевтика және ветеринария қызметтерінің мамандары үшін бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы мәселелері туралы семинарлар өткізді. Бірқатар аймақтарда мектептер мен лицейлердің оқушылары үшін интерактивті сабақтар ұйымдастырылды, сабақтар барысында балаларға өз денсаулықтарына қалай жауапкершілікпен қарап, дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қалай пайдалану қажеттігі ойын түрінде түсіндірілді.
Жалпы, Қазақстан бойынша оқушылар үшін 10 интерактивті сабақтар, медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін 31 семинар, лекциялар өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандары (ветеринарлық дәрігерлер, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау жөніндегі облыстық аумақтық инспекцияларының мамандары) үшін 82 таныстырылым жасалды.
4 мыңға жуық адам антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы және микробтарға қарсы препараттарға тұрақтылықтың өсуі туралы өзекті мәселелер бойынша пайдалы ақпарат алды.
Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы денсаулыққа деген үлкен қауіптің бірі, бұған бүкіл әлем алаңдаулы. ДСДРО қызметкерлерінің аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары антибиотиктерге төзімділік туындамас үшін жұртшылықтың антибиотиктерді ұтымды пайдалану мәселелері төңірегіндегі сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.