11-12 желтоқсанда Астанада АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесінің (NBME) қатысуымен семинар өтуде.
Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының, ұлттық институттардың өкілдері, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысуда.
Вице-Президент Брауни Андерсен бастаған АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесінің өкілдері дәрігерлерді мамандықтары бойынша сертификаттау, тест тапсырмаларын және клиникалық сценарийлер, психометриялар әзірлеу әдістемелері жөніндегі кәсіби кеңестер қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинарлар мен тәжірибелік сабақтар өткізуде.
АҚШ Медициналық емтихан алушылар Ұлттық Кеңесі медициналық тәжірибе үшін денсаулық сақтау мамандарының түйінді құзыреттіліктерін көрсету арқылы білімдері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асырады.
USMLE жоғары нәтижелері қоғамдастықтың тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтерлің сапасы мен қауіпсіздігіне, және олардың қызметінің белгіленген старттарға сәйкестілігіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Семинардың өзектілігі Қазақстанның денсаулық сақтау қызметкерлерін сертификаттау жүйесінен медициналық қызметті лицензиялау жүйесіне көшуіне негізделген.
2020 жылдан бастап Қазақстанда денсаулық сақтау мамандарын міндетті лицензиялау жүйесін енгізу жоспарлануда, осыған орай кадрлардың лицензияға ие болу үдерісінің тұрақты әдістемелік негізін жасауда NBME тартылмақ.