Астанада 22-23 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтеді
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада 22-23 маусымда Қазақстанда тұңғыш рет мейірбике ісі жөніндегі Халықаралық конференция өтеді.
Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау Министрі Ержан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, медициналық жоғарғы оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, бас дәрігерлер, дәрігерлер, медбикелер, қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтар мен қоғамдастықтардың өкілдері қатысады
Спикерлер ретінде АҚШ, Канада, Финляндия, Швейцария, Польша, Беларусь және басқа да елдердің сарапшылары, ДДСҰ мен ЮНИСЭФ өкілдері шақырылды.
Конференция қатысушыларын қарсы алған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің еңбек жолы мейіргерліктен басталғанын айтып, аурухана жұмысымен етене таныс екеніне тоқталды.
«Бүгін біз Қазақстанда ауқымды реформалар өткізіп жатырмыз, бұл өзгертулер қоғам үшін қажет, себебі біздің халқымыз сапалы медициналық көмек пен қызмет алуға лайық. Бүгінгі конференция өте маңызды, себебі осы арқылы денсаулық сақтау саласын дамыту кезеңінде біз мейрібекелердің атқарар ролін анықтайтын боламыз. Бұл ғаламдық талқылау денсаулық сақтау саласы үшін аса маңызды, өйткені мейірбеке рөлі медицина саласы сияқты дамуды, қайта жаңғыртылуды талап етеді», - деді Елжан Біртанов.
АСТАНАДА «ХАЛЫҚТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ЖАППАЙ ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕФОРМАЛАРЫ» АТТЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
- Толығырақ
- Автор: Super User
Астанада «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» атты мемлекетаралық конференция өтті.
Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы болып табылады, P4H – Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың ғаламдық желісі.
Конференцияны өткізу мақсаты, Орта Азия мемлекеттері мен P4H ұйымына мүше елдерде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру реформасын, сапалы медициналық қызметке бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау қызметімен барлық халықты қамтамасыз ету жұмысын жеделдету.
Екі күн ішінде, 8 сессия барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылармен денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелер талқыланаытын болады: медициналық көмекпен жаппай қамту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, бейресми секторда (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сақтандыру өтемін кеңейту мәселелері, жеңілдіктер пакеті және нақты деректерге негізделген саясатты жүзеге асыру кезіндегі SHI (әлеуметтік медициналық сақтандырудың) шеңберіндегі үстеме ақылар талқыланатын болады.
Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау шоттары деректері Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың жаһандық деректер қорына (GHED) енгізілетін болады
- Толығырақ
- Автор: Super User
12 – 14 маусымда Будапештте, Венгрия, ДДҰ-ның ұйымдастыруымен ЕУРО 2018 денсаулық сақтау шоттары жөніндегі техникалық алқалы семинар болып өтті , оған Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қызметкерлері қатысты.
Қазақстан 2010 жылдан бастап Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын (ҰДСШ) қалыптастыра бастады, ал 2017 жылы ұлттық шоттар SHA 2011 халықаралық әдіснамасына сәйкестендірілді.
Бұл кездесудің негізгі міндеттері саясаттың денсаулық сақтау шоттары арқылы жауап берілуі тиіс басты мәселелеріне деген көзқарасты талқылау, ақша қаражатының елдік ағындарын көздері, жеткізушілері мен функциялары бойынша қарау және жаңарту, сондай-ақ аурулар бойынша шығыстарды бағалауды, елдік кейстер бойынша ДДҰ деректер қорын қалыптастыруды қоса алғанда, деректер жинауды жетілдіру бағалау болды.
ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығының басшысы Зарина Темекова бұл кездесуді Қазақстанда ұлттық денсаулық сақтау шоттарын институттандыру тақырыбындағы баяндамасымен ашты, сондай-ақ аурулар бойынша шығыстарды картаға түсіру жөніндегі сессияның және топтық жұмыстың модераторы ретінде сөз сөйледі.
Қазақстанның медициналық кәсіби қауымдастықтарының өкілдері ҮЕҰ әлеуетін дамыту жөніндегі тренингке қатысады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Маусым айында Қазақстандық кәсіби медициналық қауымдастықтар мүшелеріне арналған үкіметтік емес ұйымдардың денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін дамыту жөніндегі семинар-тренинг болып өтті. Спикер ретінде семинарда MD, PhD, бойынша Әзірбайжан медициналық қауымдастығының президенті, ДДҰ-ның тиісті медициналық практика жөніндегі сертификатталған жаттықтырушы – Нариман Сафарлы сөз сөйледі.
Оқытуға 34 кәсіптік медициналық қауымдастықтың, соның ішінде Ұлттық медициналық қауымдастық, Астана қаласының тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Республикалық медициналық палата мүшелері және тағы басқалар қатысты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қызметі денсаулық сақтау саласында консультациялық қызметтер көрсетуге, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама жүргізуге, медициналық этика нормаларын әзірлеуге және осы нормалардың бұзылуына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 77 қауымдастық бар.
Тренинг аясында үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі мәселелері Әзірбайжан мен Қазақстанның мысалында талқыланды: дәрігерлердің құқықтарын қорғау, медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру, медициналық қауымдастықтарды аккредиттеу, биоэтика мәселелері, клиникалық хаттамаларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, медициналық қауымдастықтардағы қаржылық менеджмент және оларды қаржыландыру көздері.
ДСДРО қызметкерлері Медицина қызметкері күні қарсаңында марапатталды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Медицина қызметкері күні мерекесінің құрметіне ДСДРО-да салтанатты іс-шара өтті. Бас директор Айнұр Айыпханова құттықтау сөз сөйледі.
Кәсіби мерекеге орай ДСДРО қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінінің үздігі» төсбелгісімен Тарифті белгілеу орталығының басшысы Айтуарова Дана марапатталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін - Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығы ұтымды фармакотерапия бөлімінің бастығы Ләззат Есбатырова иеленді.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы бас директорының орынбасары Нурбол Күзембаев және қазақстандық Ұлттық дәрілік формуляр редакциясының бас редакторы Акмарал Арзуова марапатталды.