Астанада ТМД елдерінің ӘДҰ өзара ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астанада ТМД мемлекет-қатысушыларының мемлекетаралық мәжілісі өтіп, онда әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Мәжіліске, ТМД мемелкет қатысушыларының мүшелері, сонда й-ақ Швейцария, Түркия және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық денсаулықты сақтаудамы орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында ТМД мемелкет-қатысушылары 71-ші әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясы резолюциясына және 2019-2023 жылдарға арналған он үшінші жалпыбағдарлама жұмысына ұсыныстар айтылды. Мәжіліске қатысуышлардың айтуынша, жалпы бағдарлама жұмысы стратегиялық маңызы бар жоспарларды іске асыруда, бағдарламалық бюджетті қамтып, оны тез әрі сапалы орындауда басшылық етіп, екі жылда жүзеге асыруда септесетін болады.
Мәжілісте сондай-ақ, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетудегі мәселелер көтерілді. Бүгінгі таңда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «Пациентке қажетті денсаулық сақтау аясындағы қызмет көрсетуді интеграциялау» жобасы мемелкеттік органдарда іске асырылуда.
Бұл бағытта Қазақстан өзінің ұсынып отырған жобасы халықты өз денсаулығын басқаруда белсенді қатысуға үйретеді. Бұл мақсатта еліміз алғашқы көмек көрсетудің ұлттық концепциясын жасаған.
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмасын іске асыру шеңберінде мынадай қызметтер көрсетуге арналған баға ұсыныстарын жинауды жүргізеді (кейіннен оларды аутсорсингке беру мақсатында):
- «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жобасын іске асыруды мониторингілеу;
- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізу;
- Денсаулық сақтау саласындағы есептілік ауыртпалығын қысқарту бойынша ДДҰ-ның есебін талдау;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына есептілік ауыртпалығын қысқарту мақсатында және цифрландыруды ескере отырып, ұсыныстар енгізу.
Толық ақпарат сілтеме бойынша.
Қызығушылық танытқан тұлғалардан баға ұсыныстарын 2018 жылғы 25 сәуірге дейін tyulyubaeva_zh@rcrz.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз, +7 (7172) 700-950 (ішкі 1044) телефоны бойынша сұрақтар қоюға болады.
ДСДРО медициналық жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың ғылымы бойынша рейтингтік бағалау нәтижелерін қортындылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2017 жылға арналған ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша медициналық ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми және ұлттық орталықтар рейтингінің қортындысын шығарды.
Ғылыми ұйымдар мен университеттерді бағалау кезінде мынадай негізгі көрсеткіштер ескерілді: ғылыми зерттеулердің көлемі, ғылыми басылымдардың саны, дәйексөздердің жиілігі, патенттер мен ғылыми әзірлемелерді тіркеу, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру, халықаралық конференцияларға қатысу.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстандағы медициналық мекемелердің рейтингісінде жетекші орындарды иеленді: 1 орын - Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, 2 орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, 3 орын - Қазақ медицина университеті.
Ғылыми-зерттеу институтында / клиникалық профильде ең жақсы көрсеткіштерінің рейтинг бойынша 1 орын - Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты, 2 орын – Сызғанов атындығы ұлттық хирургия ғылыми орталығы, 3 орын - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.
Бұл бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №404 бұйрығымен бекітілген және 2015 жылы жаңартылған ғылыми және инновациялық қызметтің көрсеткіштерін бағалау алгоритмімен бекітілген Медициналық ғылымдар және медициналық ЖОО рейтингі бойынша әдістемеге сәйкес жүргізілді.
Бизнес-қауымдастық өкілдері медициналық ұйымдардың қадағалау кеңесіне кіре алады
- Толығырақ
- Автор: Super User
14 сәуірден бастап шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы медициналық ұйымдар қадағалау кеңестерінің құрамын сапалы жақсартуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді.
Енгізілген түзетулер медициналық ұйымдар қадағалау кеңестерінің құрамына тәуелсіз мүшелерді: іскерлік қоғамдастық, қоғам, «Атамекен» ҰКП өкілдерін және бизнесті жүргізуде, бизнес процестер мен корпоративтік басқаруды оңтайландыруда тәжірибесі бар басқа да тұлғаларды қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жұмыс тәжірибесіне байланысты қадағалау кеңесіне сайланған тұлғаларға қойылатын талаптар қысқартылды, конкурстық құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілді.
Республикалық деңгейде құжаттарды қабылдау және конкурстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, облыстық деңгейде - облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен жүзеге асырылады.
Өзгерістер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының 82% ШЖҚ МК нысанына ауыстырылды. Сарапшылардың, бизнес-кеңесшілердің, тәжірибелі менеджерлердің қадағалау кеңестерін күшейту жұмыстары корпоративтік басқару принциптерін енгізуді жеделдету, басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұйрықпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Астанада Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі бағыттары талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін Астанада № 9 қалалық емхана базасында Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың төрағалығымен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы жетекші сарапшылардың, практикалық денсаулық сақтаудағы, үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде Қазақстандағы отбасылық дәрігерлер қауымдастығының және жекеменшік бизнес, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерінің қатысуымен МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысында МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы әзірлеген, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілген «Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі бағыттары» Тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
ҚР ДСМ-нің Жобалық басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев өз баяндамасында, қазіргі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту өз кезегінде тіркелген халыққа отбасылық принципте қызмет көрсетуді дамыту, іс-шараларды алдын алуды күшейту, отбасы және қоғам деңгейінде ана мен бала денсаулығын қорғау саласын күшейту, амбулаториялық деңгейде басқарылатын негізгі созылмалы ауруларды ерте анықтау және алдын алу, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру, науқастардың қажеттілік деңгейінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, МСАК-тің әлеуметтік бағытын және мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етумен сектораралық өзара іс-қимылды күшейту, білім беру, науқастардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кадрлық әлеуетін арттыру, әр азаматтың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін іске асыруды қажет екендігін атап өтті.