Қазақстанның медициналық кәсіби қауымдастықтарының өкілдері ҮЕҰ әлеуетін дамыту жөніндегі тренингке қатысады

Маусым айында Қазақстандық кәсіби медициналық қауымдастықтар мүшелеріне арналған үкіметтік емес ұйымдардың денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін дамыту жөніндегі семинар-тренинг болып өтті. Спикер ретінде семинарда MD, PhD, бойынша Әзірбайжан медициналық қауымдастығының президенті, ДДҰ-ның тиісті медициналық практика жөніндегі сертификатталған жаттықтырушы –  Нариман Сафарлы сөз сөйледі.

Оқытуға 34 кәсіптік медициналық қауымдастықтың, соның ішінде Ұлттық медициналық қауымдастық, Астана қаласының тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы,  Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Республикалық медициналық палата мүшелері және тағы басқалар қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қызметі денсаулық сақтау саласында консультациялық қызметтер көрсетуге, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптама жүргізуге,  медициналық этика нормаларын әзірлеуге және осы нормалардың бұзылуына байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 77 қауымдастық бар.

Тренинг аясында үкіметтік емес ұйымдар қызметінің  негізгі мәселелері Әзірбайжан мен Қазақстанның  мысалында  талқыланды: дәрігерлердің құқықтарын қорғау, медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру, медициналық қауымдастықтарды аккредиттеу, биоэтика мәселелері,  клиникалық хаттамаларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, медициналық қауымдастықтардағы  қаржылық менеджмент және оларды қаржыландыру көздері.

Семинарда сондай-ақ, ДСДРО Білім және ғылымды дамыту орталығының басшысы  Виталий Койков  «Денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) тұжырымдамалық көрінісі» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Виталий Викторович ағымдағы жағдайды және салалық біліктілік жүйесін жетілдіру пайымдамасын, сондай-ақ СБШ қалыптастыру әдістемесін айтып өтті.

«Ең алдымен, біз қандай мамандар қажет екенін айқындап алуымыз керек. Қандай біліктілігі болуы тиіс және қандай құзыреттіліктері болуы тиіс: содан кейін, осыны негізге ала отырып, барлық қалған құрамдас бөліктері – білім беру бағдарламалары, түлектердің және жұмыс істейтін мамандардың білімдері мен дағдыларын  бағалау жүйесі және т. б. құрылуы тиіс. Қазір бізде мүлдем жұмыс істемейтін салалық біліктілік шеңбері бар және салалық біліктілік жүйесінің өзге де компоненттері оған байланысты емес. Дайындау бағдарламалары бар, бірақ бұл ретте саладағы мамандардың біліктілік деңгейіне және құзыреттіліктеріне қойылатын   талаптарды  реттейтін  кәсіби стандарттар жоқ», – деп атап өтті В. В. Койков.