4 және 5 маусымда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларға перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін (бұдан әрі – ПӨҚА) жүргізу бойынша оқыту семинарларын өткізеді.
Семинарға қатысушылар оқытушы – м.ғ.д., АБҰҒО «UMC» КҚ профессоры Тамара Чувакованың, «Қазақстанның неонатологтары конгресі» ҚҚ президенті Карина Бектұрғанның және дәрігер-неонатолог Элина Азаматованың басшылығымен оқу курсынан өтеді.
Іс-шараның шеңберінде перинаталдық өлім-жітім аудитіне кіріспе және оны жүргізу әдістемесі; материалды жинау, анонимизация және аудит шеңберіндегі пікірталас; құпиялылық принципі; Құпия тергеу жөніндегі Ұлттық комитеттің құрамы мен жұмысы және оның төрағасының, хатшысының және мүшелерінің міндеттері сияқты тақырыптар қаралатын болады. Сондай-ақ, ПӨҚА құралдар және пилоттық мекемелердегі перинаталдық өлім-жітім жағдайларының талдамасы қаралатын болады. Топтарда практикалық жұмыс жүргізіледі, оның шеңберінде қатысушылар перинаталдық өлім-жітім жағдайларын талдайды, бастапқы талқылау, туыстарынан ақпарат жинау, бастапқы құжаттамалармен жұмыс жүргізеді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сарапшылар ұсынған әдіснаманамаларды талқылайды.
Перинаталдық өлім-жітім босандыру және медицина жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Құпия аудиттің негізгі міндеттерінің бірі –перинатальдық көмектің сапасын жақсарту, сондай-ақ ана мен бала өлім-жітімін төмендету., ДДҰ, ЮНИСЕФ және ЮНФПА халықаралық ұйымдардың қолдауымен 2016 жылдан бастап Қазақстанның 6 пилоттық перинаталдық орталығында перинаталдық өлім-жітімге құпия аудит енгізілуде.
ПӨҚА мақсаты өлімге әкеп соққан жүйелі себеп-салдарлық байланыстарды анықтау арқылы кейіннен медициналық персоналды әкімшілік жазалауды толығымен болдырмай, олардың алдын алу үшін ұсынымдар жасап шығарумен перинаталдық өлім-жітімді төмендету және алдын алу болып табылады.
Әдістеме шеңберінде әрбір өлі туылу және ерте неонаталдық өлім-жітім жағдайына соңғы ғылыми-дәлелді медицинаның деректері, перинаталдық күтім көрсетудің сапасы мен көлемін және медициналық мекеме деңгейіндегі көмек тұрғысынан талдау және бағалау жасалады. Алынған мәліметтер ескеріле отырып, жүкті әйелдерге және нәрестелерге босанғанға дейін, босанған кезде, босанғаннан кейінгі кезеңде күтім көрсетудің және медиицналық көмектің сапасын арттыру, пациентпен сұхбаттасудың нәтижесі бойынша медиицналық көмектің сапасы мен көлеміне әйелдердің және отбасыларының көзқарасын бағалау жөніндегі практикалық ұсынымдар әзірленеді.