Қазақстан медициналық технологияларды бағалау халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді

2018 жылғы маусым айында  Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілдері HTAi «Дәлелдемелер мен іс-әрекеттер арасындағы байланысты күшейту» Медициналық технологияларды бағалау жөніндегі Халықаралық қоғамның жыл сайынғы кездесуін қатысты.

Health Technology Assessment international (HTAi, https://www.htai2018.org/) - бұл миссиясы медициналық технологияларды бағалаумен (МТБ) айналысатын  қоғамдастықты  ақпаратпен, әдістерімен және сараптаулармен алмасу үшін тәуелсіз жаһандық алаң ұсыну  жолымен қолдау болып табылатын жаһандық ғылыми және кәсіби қоғам. Қоғам әлемдегі 60-тан астам ел  өкілдерінің басын қосады.

HTAi-2018 конференцияның негізгі мақсаты зерттеушілердің, полисмейкерлердің, пациенттер мен жұртшылықтың  дәлелдемелер негізінде іс-әрекеттерге бейілділігін  растау жолдары мен мүмкіндіктерін  іздеу болды.

ДСДРО МТБ бөлімінің бастығы Камила Гаитова «EUnetHTA HTA Core Model - шектеулі ресурстар жағдайында МТБ енгізу негізі» панельдік сессиясында конференцияға со-спикер ретінде қатысты. «Қазақстанда медициналық технологияларды бағалау, негізгі сәттер» баяндамасында спикер  сессияға қатысушыларға МТБ жүргізу жөніндегі регламентті әзірлеу барысында EUnetHTA HTA Core Model® құралын  қолдану   тәжірибесі туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта, аталған регламент ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі біріккен комиссиясымен бекітілді.

Сонымен қатар, ДСДРО өкілі «Дәлелдемелер синтезі және оларды бағалау әдістері» және « МТБ-дағы этика мәселелері»ауызша баяндамалар сессияларына тең төрағасы ретінде қатысты.

Түркия, Қытай, Корея, Тунис, ОАР және басқа да елдердің өкілдері қатысқан «Дамушы елдердегі МТБ» кездесуі тәжірибемен алмасу және нетворкинг үшін  қызықты мүмкіндік болды.

Конференция аясында барлығы 8 воркшоп, 3 пленарлық, 50 панельді сессиялар мен 40-тан астам отырыстар өткізілді, оларда медициналық технологияларды бағалау саласындағы сарапшылардың  200-ден астам баяндамасы тыңдалды.

HTAi-2018 соңында INAHTA (http://www.inahta.org/) халықаралық МТБ агенттіктерінің желісі мүшелерінің жыл сайынғы кездесуі болып өтті. ДСДРО соңғы 6 жылда осы желінің мүшесі болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша қоғамның келісілген бекітулерін  қабылдау тәртібі бекітілді, сондай-ақ жаңа төраға және директорлар кеңесі сайланды.