АСТАНАДА «ХАЛЫҚТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ЖАППАЙ ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕФОРМАЛАРЫ» АТТЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Астанада «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру  реформалары» атты мемлекетаралық конференция өтті.

 

Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы болып табылады, P4H – Денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың ғаламдық желісі.

 

Конференцияны өткізу мақсаты, Орта Азия мемлекеттері мен P4H ұйымына мүше елдерде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру реформасын, сапалы медициналық қызметке бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау қызметімен барлық халықты қамтамасыз ету жұмысын жеделдету.   

 

Екі күн ішінде, 8 сессия барысында халықаралық және қазақстандық сарапшылармен денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелер талқыланаытын болады: медициналық көмекпен жаппай қамту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, бейресми секторда (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сақтандыру өтемін кеңейту мәселелері, жеңілдіктер пакеті және нақты деректерге негізделген саясатты жүзеге асыру кезіндегі SHI (әлеуметтік медициналық сақтандырудың)  шеңберіндегі үстеме ақылар  талқыланатын болады.

 

Іс-шараға денсаулық сақтауды қаржыландыру және денсаулық сақтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету саласындағы идеялармен және әдістермен алмасу үшін Швейцария, Германия, Филлипин, Қырғызстан, Эстония, Польша, Қытай, Австралиядан келген саясат және денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысады.

 

Қазақстанда денсаулықсақтауды қаржыландыру көзі болып негізенен мемлекетттік бюджет болып есептеледі. Оған қоса, ерікті медициналық сақтандыру, ақылы медициналық қызмет көрсу арқылы да қаржы түседі.

 

Денсаулық сақтаудың ұлттық есебі берген мәліметке сәйкес, барлық қаржы көзін қоса алғанда Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға  (ІЖӨ 3,6% ) жұмсайды. Бұл Қазақстан сияқты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші анағұрлым ұқсас мемлекеттер арасындағы ( ІЖӨ 6,3% ) ең төменгі көрсеткіш.    Ал экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттер арасында бұл көресткіш (ІЖӨ 9,3% ) құрайды.

 

Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын тиімді дамыту мақсатында ДДСҰ дамыған мемлекеттерге кемінде ІЖӨ 6-8 пайызын бөлуді, ал, даму үдерісі баяу жүретін елдерде ІЖӨ 5 пайызын бөлуге кеңес береді.

 

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жеткіліксіз қаржыландыру, кадрлардың жетіспеуі базалық медициналық көмек көрсетудің сапасын және де медициналық кқмекке қолжетімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы қарқынды талқылаулар жүргізілуде және де өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың көптігімен байланысты тәуекелдер болды. Бүгінгі күні біздер бүкіл халыққа сақтандырылмағандығына қарамастан тегін медициналық көмек көрсетуді көздейтін ТМККК-нің жаңа моделін талқылаудамыз. Тегін көлем жеткілікті болады және де алғашқы көмек көрсетуден, шұғыл көмек көрсетуден және жоспарлы медициналық көмектен, оның ішінде негізгі аурулар бойынша стационарлық көмектен құралатын болады. Басқа медициналық көмек түрлерін халық медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі ретінде ала алады.

Бүгінгі басқосу осы саланы дамыту жолында бірлескен проблемаларды шешу мақсатында өзара пікір алмасып, үздік стратегияны шығаруға мүмкіндік берген алаң болды деп ойлаймын»,-деді Е.Біртанов.

 

P4H жаһандану жүйесі медициналық кепілдемені қолданатын мемлекеттер үшін пайдалы алаң болып есептеледі. 

 

 2017 жылы Қазақстан денсаулық сақтауды қаржыландыруда халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін, экономика мен денсаулық сақтауды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін  P4H  жаһандану жүйесіне мүше болды.  

 

ДСМ қарасты Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы аталған жүйенің Басқарма комитетінің мүшесі болды.

 

Жүйе 13 ұйым мемлекетінен құрылған: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Әлемдік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Африкалық даму банкі, Жаһандық қор, РДСДО және Франция, Германия, Марокко, Испания, Швейцария және АҚШ денсаулық сақтау институттары.

 

P4H қатысушы – мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, сапалы қызметке бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қаржылық қауіп-қатердің алдын-алуға көмектесіп, халықты медициналық көмпекпен қамтуда жәрдемдесетін халықаралық серіктестерді, инвесторларды табуға септеседі.

 

P4H қолдауы Қазақстанға Орта Азия мемлекеттері ішінде денсаулықсақтау, әлеуметтік қорғаныс және қаржы мәселесінде байланыстыру тобы болуға және халықаралық қоғамдастықтың сарапшы пікірлеріне мүмкіндік алады.

 

P4H туралы және оған қатысушылары туралы толық ақпарат: https://p4h.world/en сайтында