2017 жылы Қазақстан Республикасы атынан ДСДРО денсаулық сақтауды қаржыландыру, экономика және әлеуметтік қорғау салаларында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін P4H (Providing for Health) жаһандық желісіне  кірді. Қазақстанды P4H желісінің  толыққанды қатысушысы  деп тану туралы шешім 2017 жылғы 27 қыркүйекте Бонн қаласында (Германия) қабылданған болатын.

 

Бір жыл ішінде P4H ғаламдық желісі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында баянды ынтымақтастық орнатылды. Осыған байланысты P4H желісінің үйлестірушісі Claude Meyer ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына алғысын жолдады

 

27 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында медицина қызметкерлерін ынталандыру және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.

 

Қатысушыларға сәлемдеме сөзімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстары департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева және ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова шықты.

 

27-28 тамыз аралығында Павлодар қаласында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың басты мәселелері бойынша аймақтық семинарлар өтті.

Семинарды жүргізетіндер:  ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің, ҚР ДСМ Фармация комитетінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері

ҚР ДСМ-нің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК  мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің қанағаттандырылуы туралы сауалнама жүргізуде.

 

Сауалнама жұмыс шарттарын, басқару деңгейін, ынталандыруды анықтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының мансаптық мүмкіндіктеріне, оқытуға және дамытуға бағытталған.

2018 жылғы 23 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың сапаны бақылау жөніндегі  бірінші басшылардың орынбасарлары мен Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының сапа жөніндегі директорларының қатысуымен  селекторлық режимде «Медициналық қызметтердің сапасын басқару» тақырыбы бойынша кеңес өткізді.

 

Спикерлер ретінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова «Медициналық көмектің  сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарға  шолу»  тақырыбында, ДСДРО Аккредиттеу орталығы сыртқы кешенді бағалау секторының меңгерушісі Индира Мадиярова «Ұлттық аккредиттеу» тақырыбында,  ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева «Медициналық ұйымдардың рейтингі» тақырыбында баяндама жасады.