Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңа үлгісі бекітілді
- Толығырақ
- Автор: Super User
ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы» бұйрығына қол қойды және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек тәуліктік медициналық бақылауынсыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды.
ДСДРО акушерлік қиын жағдайлар аудитіне арналған семинарларды өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
15-18 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы денсаулықты сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Денсаулықты сақтауды дамыту республикалық орталығында» акушерлік қиын жағдайлар аудитіне арналған семинарларды өткізді. Семинарларда Астана, Амола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қостанай обылыстарынан қатысулышылар болды.
Ана мен бала Ұллты ғылыми орталығының психотерапевті Ануар Абзуллин және Ұллтық эксперт, ЮНИСЕФ бағдарламаларының координаторы Қанат Суханбердиев семинар қатысушыларын акушерлік қиын жағдайлар аудитінің методологиясының принциптерімен таныстырды.
ДСДРО ана өлім-жітімінің құпия аудиті бойынша семинар өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
13-14 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ана өлім-жітімінің құпия аудитін (бұдан әрі – АӨҚА) жүргізу бойынша өңірлік үйлестірушілер және сарапшылар үшін оқу семинарын өткізді.
Семинар қатысушылары дәріскерлер – Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы "UMC" КҚ-ның профессоры Гаури Бапаеваның, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы "UMC" КҚ-ның психотерапевті Әнуар Абзуллиннің және ұлттық сарапшы, ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Қанат Суханбердиевтің басшылығымен оқу курсынан өтті.
Медициналық қызметтердің сапасын арттыру ДСДРО-ны селекторлық кеңесте талқылауға шақырады
- Толығырақ
- Автор: Super User
23 тамызда сағат 10.00-де Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР медициналық ұйымдарының өкілдері үшін селекторлық режимде жиналыс өткізуді жоспарлайды.
Кеңеске қатысуға медициналық ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын шақырамыз.
Селекторда медициналық қызметтердің сапасын басқару ұлттық тұжырымдамасын және ұлттық аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын әзірлеу мәселелері талқыланатын болады.
ДСДРО ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлау негіздері жөніндегі семинарға тыңдаушылар жинақтайтындығы туралы хабарлайды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер менеджменті және тиімді жоспарлау негіздері» бойынша бес күндік семинарға тыңдаушылар жинайды.
Семинар 2018 жылғы17 қыркүйекте басталады.
54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.