Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) мүшелікке үміткерлерге іріктеу жүргізеді.

 

Комиссиясы ҚР ДСМ  жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды жетілдіру,  медициналық технологияларды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді,  денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын және қолжетімділігін бақылау жүйесін бағалау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған.

«Медициналық туризмді дамыту  және импорталмастыру» жобасын іске асыру шеңберінде сонымен қатар Қазақстанның денсаулық сақтау интеграциясының жаһандық нарықтық жүйесіне медициналық туризм еңгізу мақсатында ЖШС «Медэлемент» ДСДРО-ға арналған medicaltourism.kz бірыңғай онлайн-порталын құрастырды. Портал тестілік режимінде жұмыс істейді.

 

Портал шетелдік науқастардың көңілін тартып тексеруден өту ем қабылдау және Қазақстанның медициналық ұйымдардары туралы мүдделі шетелдік пациенттерді ақпараттандыру мақсатында жасалған. Бұл медициналық туризмнің ішкі және келу туризмі бойынша өсуін ынталандырады, сондай-ақ отандық денсаулық сақтау саласында әлемдік нарықта медициналық қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін дамуына ықпал етеді.

Қыркүйектің 5-інен 17-іне дейін «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде «Менеджмент және корпоративтік басқару» тақырыбы бойынша Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінен және денсаулық сақтау ұйымдарының менеджерлерінен құралған аймақтық жаттықтырушы-сарапшыларына арналған оқыту тренингі өтеді. 

 

Сарапшыларды оқыту  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен «Самұрық - Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп одан әрі каскадты оқыту жүргізу  және ҚР-ның барлық өңірінде корпоративтік басқару және менеджмент жүйесін тарату арқылы Қазақстанның мемлекеттік медициналық ұйымдарында басқару сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырған. 

 

2018 жылғы  29 тамызда Сеулде Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты  денсаулық сақтаудағы қазақстандық МЖӘ жобаларын қолдау үшін 40-қа жуық инвестор-компаниялар  мен Корея Республикасының медициналық ұйымдары қатысқан іс-шара ұйымдастырды.  

 

Бұл іс-шараның мақсаты кореялық инвесторларды ҚР денсаулық сақтау секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, денсаулық сақтау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және МЖӘ бөлігіндегі  саясатын түсіндіру болып табылады.

 

Алма-Ата декларациясының 40 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі, ДДҰ және ЮНИСЕФ алғашқы медициналық – санитарлық көмек (АМСК) бойынша жаhандық конференцияны ұйымдастыруды көздеп отыр. Ол 2018 жылдың қазан айының 25-26 жұлдыздарында Астана қаласында өтпек. Аталмыш Конференция АМСК–ң бастапқы принциптерін растауды және алғашқы медициналық-санитарлық көмек әмбебап денсаулық сақтауды қамтуға (UHC) және тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізудің негізі болуына бағытталған саяси міндеттемені жаңартуды мақсат етеді.

 

AA40 процестері мен өнімдері туралы ақпараттандыру мақсатында ДДҰ–ң әрбір аймақтық кеңсесі АМСК–ті саяси қолдаудың озық тәжірибесі мен мысалдарын сипаттайтын анықтамалық құжаттар топтамасын дайындап жатыр. Бұл кездесуде ДДҰ–ң Европа өңірлік бюросы арнайы жедел жұмыс топпен бірлесіп, науқастың қажеттіліктеріне бағдарланған АМСК–ға инвестицилаудың экономикалық тиімділігіне шолуды талқылады. Шамамен 30 сарапшылардан тұратын жедел жұмыс тобы халықаралық ұйымдар мен академиялық топтардың,  жетекші мүше елдердің өкілдерін қамтиды.