ДСДРО денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселелері бойынша еларалық конференцияға қатысуға шақырады

19-20 маусымда Астанада P4H (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен құрылған денсаулық сақтауды және әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың ғаламдық желісі) бірлесіп «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру  реформалары» атты серіктестік ынтымақтастық жөніндегі еларалық конференция өткізу жоспарланып отыр.

Конференция аясында Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, бейресми секторда (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сақтандырудың аясын кеңейту, SHI аясында (әлеуметтік медициналық сақтандыру) жеңілдіктер мен қосымша ақылар пакеті, аталған саясат жүзеге асырылғаннан кейін ол нақты деректерге негізделетін болады.

Шараны Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және P4H ұйымдастыратын болады.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы идеяларымен және әдістерімен алмасу және денсаулық сақтауға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін іс-шараға саяси және денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, Швейцария, Германия, Филиппин, Қырғызстан, Эстония, Польша, Қытай, Австралия, Қазақстан және басқа да елдердің, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысады.  

Өткізу орны: Назарбаев университеті Медицина мектебінің конференц-залы, 1-ші қабат, Блок C-3 (Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Астана, Керей, Жәнібек хандар көшесі 5/1).

Медициналық ЖОО-ның оқытушыларын, денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, әкімшілер мен практикалық қызметкерлерді конференция жұмысына қатысуға  шақырамыз.

Конференция бағдарламасымен мына сілтеме бойынша өтіп ДСДРО сайтында танысуға болады.

Байланыс деректері: ҚР ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығы, +7 7172 700-950 (қос. 1030); моб. 8 702-979-31-47, e-mail: dairabekova_a@rcrz.kz

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан денсаулық сақтауды, әлеуметтік қорғауды және экономиканы қаржыландыру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты  қамтамасыз ететін P4H жаһандық желісіне енді. ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы осы желіні басқарушы комитеттің мүшесі болды.

Осы алаң қатысушы елдердің денсаулық сақтау жүйелерін  нығайтуға, сондай-ақ, сапалы қызметтерге  тең қолжетімділіктің болуына және қаржылық тәуекелдерден  қорғауға ықпал етеді және халықты медициналық көмекпен жаппай қамту саласындағы халықаралық серіктестер  мен инвесторларды  кең ауқымын қамтиды. P4H қолдау Қазақстанның  Орталық Азияда денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қаржылық, халықаралық қоғамдастықтың сарапшылар пікіріне қолжетімділік мәселелерінде байланыстырушы буын болуына мүмкіндік береді. P4H, оның қатысушылары және іс-шаралар  туралы ақпарат https://p4h.world/en сайтында.