Бизнес кеңес жұмысының аясында ТМККК-ны қайта қарау үшін Жұмыс тобы құрылады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амының өкілдері, жеке сектор мен Денсаулық сақтау министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен, бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бизнес кеңестің кезекті отырысы өтті.

ТМККК-ны орналастыру кезінде қолжетімділікті теңдей қамтамасыз ету, ТМККК мен МӘМС-те медициналық көмектің көлемін жоспарлау әдістемесін қарау және сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында корпаративтік басқаруды және басқаруды жетілдіру мәселелері кездесу барысында қаралды.

ТМККК мен МӘМС-те медициналық көмектің көлемін жоспарлау әдістемесі мен ТМККК-ның тізімін қайта қарау әдістері бойынша бизнес және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Корпоративтік басқаруды дамыту мәселесі бойынша корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша қадағалау кеңестерінің өкілеттіктерін кеңейту, сондай-ақ бонустар, алқалық атқарушы органдарды енгізу және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар нысанында жұмыс істейтін медициналық ұйымдардағы қадағалау кеңестерінің құрамын сапалы жақсарту жолымен жұмысты жалғастыру ұсынылды.