12 – 14 маусымда Будапештте, Венгрия, ДДҰ-ның ұйымдастыруымен ЕУРО 2018 денсаулық сақтау шоттары жөніндегі техникалық алқалы семинар болып өтті , оған Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қызметкерлері қатысты.
Қазақстан 2010 жылдан бастап Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын (ҰДСШ) қалыптастыра бастады, ал 2017 жылы ұлттық шоттар SHA 2011 халықаралық әдіснамасына сәйкестендірілді.
Бұл кездесудің негізгі міндеттері саясаттың денсаулық сақтау шоттары арқылы жауап берілуі тиіс басты мәселелеріне деген көзқарасты талқылау, ақша қаражатының елдік ағындарын көздері, жеткізушілері мен функциялары бойынша қарау және жаңарту, сондай-ақ аурулар бойынша шығыстарды бағалауды, елдік кейстер бойынша ДДҰ деректер қорын қалыптастыруды қоса алғанда, деректер жинауды жетілдіру бағалау болды.
ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығының басшысы Зарина Темекова бұл кездесуді Қазақстанда ұлттық денсаулық сақтау шоттарын институттандыру тақырыбындағы баяндамасымен ашты, сондай-ақ аурулар бойынша шығыстарды картаға түсіру жөніндегі сессияның және топтық жұмыстың модераторы ретінде сөз сөйледі.
Кездесу барысында Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау шоттары деректерін Денсаулық сақтауға арналған шығындардың 2018 жылға арналған жаһандық деректер қорына (GHED) осы жылдың қараша айында енгізу туралы шешімге қол жеткізілді . Осы мақсатта ДСДРО жыл бойы деректерді валидациялау бойынша бірқатар техникалық жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ HAPT және PX – WEB сияқты деректерді есепке алу құралын жұмысқа енгізеді.