Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Professionalize Kazakhstan» (K-Pro3) бірегей форматындағы білім беру жобасы бойынша Centras Management Academy ұйымдастырған екі апталық тренинг өтілуде.

 

Тренинг мұғалімдердің, кәсіпқойлардың, болашақ орта менеджерлердің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған және келесі құзыреттерді дамытуға бағытталған: азаматтық бастама, көшбасшылық, проблемаларды шешу, жүйені көру, әмбебаптық, IT-технологияларды білу.

 

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың басшылары мен кадрлық қызмет мамандары үшін «HR менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курстарын өткізеді.

Бұл оқыту форматы ұйымға шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қашықтағы бағыт:

- тәулік бойы қолжетімді бұқаралық оқыту 24/7;

- қажетті ақпаратқа тұрақты қол жеткізу;

-электрондық сертификаттау.

Алынған білім  сала дамуының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған заманауи HR менеджменттің негіздерін, медициналық ұйымның қызметіне заманауи кадрлық технологияларды: персоналды жұмысқа қабылдау, бейімделу, тәлімгерлік, мансапты дамыту, ұйымдастырушылық мәдениет, медицина қызметкерлерін ынталандыру, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары және т.б. енгізуге ықпал етеді.

Медициналық ұйымдардың есебін оңтайландыру, электронды құжат айналымына кзең-кезеңмен көшіру бойынша Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы жоспарлануда.

Бүгін, Астанада Қайта реттеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері талқыланды.

Шараға бизнестің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке медициналық клиникалардың  өкілдері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жұмыс барысында ЕМС пен МӘМС-ті ұштастыру, МӘМС шеңберінде ЕМС бойынша жұмыс істейтін клиникаларға тіркеу мәселелері, МӘМС тізбесінде және ЕМС шарттарында қызметтердің қайталануы мәселелері қаралды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы салық төлеуші (ӘМСҚ) ЕМС-те сақтандырылған тұлғаларға қызмет көрсеткен қызмет берушілермен өзара есеп айырысуды ұйымдастыру жөніндегі «көмекшісі» ретінде белгілейтін «Ассистанс-клиника» ұғымын  енгізу туралы ұсыныс енгізді.

Талқылау нәтижесі бойынша ЕМС мәселесін 2018 жылғы 3 шілдеде ҚР ДСМ Бизнес кеңесінің кезекті отырысына шығару туралы шешім қабылданды.

Қазақстанда тұңғыш рет мойындалған халықаралық нұсқаулықтарды қолдану заңнамалық деңгейде рұқсат етілетін болады. МҚСБК отырысындағы іріктеу және бекіту нәтижелері бойынша клиникалық нұсқаулықтар ҚР аумағында мемлекеттік және ресми тілдерге бейімделместен және Қазақстан Республикасында бекітілместен қолданылатын болады.

Осыған байланысты, ДСДРО шетелдік/халықаралық кәсіби ассоциациялармен және институттармен өңделген халықаралық клиникалық нұсқаулықтарға алдын ала басымдықтарды белгілеу және бағалау жүргізді.

Қазақстан Республикасында қолдануға арналған клиникалық нұсқаулықтардың тақырыптар тізбесіне кәсіби қоғамдастастық өкілдерінен ұсыныстар күтеміз.

Тізімен осы сілтеме бойынша өтіп ДСДРО сайтында танысуға болады.

Ұсыныстар мен ескертулерді 2018 жылдың 3 маусымына дейін rcrz_astana@mail.ru. электронды мекен жайына бағыттауларыңызды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 700-950 (1070, 1138)