«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруда   медициналық ұйымдарға  ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде Қазақстанның өңірлерінде денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері бойынша семинарлар өткізу жалғасуда.

 

26-27 шілдеде Шымкент қаласында жергілікті семинар болып өтті, оған жетекшілері қ. Шымкент және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті,  Фармация комитеті аумақтық департаменттерінің өкілдері, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлер, бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты.

 

20 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері,  ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Professionalize Kazakhstan» (K-Pro3) бірегей форматындағы білім беру жобасы бойынша Centras Management Academy ұйымдастырған екі апталық тренинг өтілуде.

 

Тренинг мұғалімдердің, кәсіпқойлардың, болашақ орта менеджерлердің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған және келесі құзыреттерді дамытуға бағытталған: азаматтық бастама, көшбасшылық, проблемаларды шешу, жүйені көру, әмбебаптық, IT-технологияларды білу.

 

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың басшылары мен кадрлық қызмет мамандары үшін «HR менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курстарын өткізеді.

Бұл оқыту форматы ұйымға шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қашықтағы бағыт:

- тәулік бойы қолжетімді бұқаралық оқыту 24/7;

- қажетті ақпаратқа тұрақты қол жеткізу;

-электрондық сертификаттау.

Алынған білім  сала дамуының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған заманауи HR менеджменттің негіздерін, медициналық ұйымның қызметіне заманауи кадрлық технологияларды: персоналды жұмысқа қабылдау, бейімделу, тәлімгерлік, мансапты дамыту, ұйымдастырушылық мәдениет, медицина қызметкерлерін ынталандыру, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары және т.б. енгізуге ықпал етеді.

Медициналық ұйымдардың есебін оңтайландыру, электронды құжат айналымына кзең-кезеңмен көшіру бойынша Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы жоспарлануда.