Бүгін ДСДРО-да практикасын өтеп  жүрген 24 студент үшін ұйымның даму стратегиясы, қауіпсіздік техникасы, еңбек тәртібі және корпоративтік мәдениет бойынша Бас директор Айнұр Айыпханованың  қатысуымен кіріспе нұсқаулық жүргізілді.

 Кездесуде ДСДРО басшысы практиканттарға ұйымның денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық жобаларды ұйымдастыруға қатысуы туралы, сондай-ақ ДСДРО-ның алдағы Алматылық декларацияның 40 жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі 2018 жылғы  25-26 қазанда  Астанада өтетін конференцияға дайындалып жатқандығы туралы айтты.  Осы конференция аясында  ДДҰ және ЮНИСЕФ жастарды, соның ішінде студенттерді белсенді түрде тартуды жоспарлайды. Осылайша, 24 қазанда, негізгі конференцияға бір күн қалғанда  шетелден келген студенттердің және қазақстан жастарының қатысуымен Астана қаласында жекелеген іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, негізгі конференция кезінде – 25-26 қазан күндері басқа да елдердің денсаулық сақтау министрлері қатысатын ресми секцияларға қазақстандық және шетелдік студент жастардың қатыстыру жоспарланады.

Студент-практиканттарды бағдарлауда ДСДРО басшылары ү. ж.21-нен 26-мамыр аралығында Швейцария, Женева қаласында өткен  Дүниежүзілік денсаулық Сақтау Ассамблеясының 71- сессиясына  қазақстандық делегация өкілдерінің баяндамаларын дайындау үшін материалдарды дайындаудағы бөлімшелердің талдамалық жұмысын  атап өтті.

21-26 мамыр аралығында Женева қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 71-сессиясы (ДДСА-71) өтті, оған ДДҰ-ға мүше-елдердің және халықаралық агенттіктердің екі мыңнан астам өкілі қатысты.

А71/20 «Мобильдік денсаулық сақтау. Қоғамдық денсаулық сақтауға арналған тиісті сандық технологияларды пайдалану» күн тәртібінде ДДҰ ұсынған құжатты қолдай отырып, ДДСА-71 А Комитетінде Қазақстан делегациясының атынан ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова сөз сөйледі. Бұл құжат өзінің басымдығы ретінде жалпыға ортақ даму мақсаттарына қол жеткізу және оларға қол жеткізу үдерісін өлшеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларға халықтың қолжетімділігін улғайту деп белгілейді. Құжат орыс тілінде: http://apps.who.int/gb/ebwha/pdf_files/WHA71/A71_20-ru.pdf, ағылшын тілінде: http://apps.who.int/gb/ebwha/pdf_files/WHA71/A71_20-en.pdf қолжетімді.

Елдердің денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері жөніндегі баяндамалары мына сілтеме бойынша қолжетімді: http://apps.who.int/gb/statements/WHA71/statements_committee-A.html (Item 12.4).

ДСДРО Женевадағы ДДСА-71 Қазақстан делегациясы үшін материалдарды дайындауға белсене араласты, соның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі туралы, сондай-ақ 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада өтетін Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі алдағы Жаһандық конференциясы туралы материалдар әзірледі.

2018 жылғы маусымның 12-інен бастап 14-іне дейінгі аралықта Астана қаласында ДСДРО базасында  «Денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін дамытуға арналған оқыту» тренинг өтеді.

Нариман Сафарлы жаттықтырушы ретінде болады, тиісті медициналық практика жөніндегі ДДҰ-ның сертификатталған жаттықтырушысы, Ұлттық денсаулық институтының этика жөніндегі ғылыми қызметкері, Әзірбайжан медициналық қауымдастығының президенті, MD, PhD.

Тренинг  медицина қауымдастығы өкілдеріне арналған. Оқытудың қорытындысы бойынша сертификаттар беріледі. Сағаттар саны  – 32.

Оқытуға қатысу  -  тегін.  

Қосымша ақпарат үшін мына телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8-7172-700-950 (ішкі 1088) – Айана Шалкарова.

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы әзірлеген Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару  бағдарламасы (АББ) бүкіл Қазақстан бойынша шамамен 7 мың хроник-пациентті қамтыды.

Бағдарламаның шеңберінде бақылауға үш топтың пациенттері алынған: артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және II типті қант диабеті. Барлық өңірлерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары осы аурулар бойынша пациенттерге зертханалық тестілеу және аспаптық зерттеу жүргізеді.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған  стандартты тексеріп-қараулардан басқа  гликирленген гемоглобинге және тығыздығы төмен липопротеидтерге зерттеулер жүргізіледі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар ЭХО-кардиографиямен зерттеледі, ал артериялық гипертензиясы бар емделушілерге ЭКГ жүргізіледі, креатинин, тығыздығы төмен липопротеидтер деңгейі анықталады.

АББ паспорты  әрбір ауру бойынша пациенттердің тіркелімінен, пациентті  бақылау картасынан, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен, артериялық гипертензиядан немесе қант диабетінен зардап шегуші науқастарды медициналық күтудің жеке жоспарынан тұрады.

2018 жылғы 1 сәуірдегі мәліметтерге  сәйкес, статиндер (аторвостатин) қабылдайтын науқастар саны 40% - дан 50% - ға, ал АПФ ингибиторларын/сартандарды (кандесартан, валсартан және т. б.) қабылдаушылар саны 70% - дан 90% - ға дейін өскен. АББ-ға тартылған  бар емделушілердің арасында созылмалы жүрек жеткіліксіздігін декомпенсациялауға байланысты жаңа емдеуге  жатқызу жағдайларының  үлесі 30-дан 15% - ға дейін төмендеген.

Оң нәтижелерге сүйене отырып, медициналық ұйымдарды  100% қамтитын  бағдарламаны аймақтарда кезең-кезеңімен енгізу кестесі жасалды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мед. ұйымдардың 50% -ы осы бағдарламаның қатысушы болады деп жоспарланады.   

 

12 мамыр – Халықаралық мейірбике күні. Дүние жүзінде мейірбике ісі ең құрметті және талап етілген мамандықтар қатарына жатады.

Қазақстанда медициналық кадрлардың саны 245 мыңнан астам мамандар құрайды, олардың ішінде 170 мыңнан астам – орта медициналық қызметкерлер, олардың 30%-ы ауыл аймақтарда еңбек етіп жатыр.

Орта қызметкерлердің қамтамасыз етудің орташа көрсеткіші – 10 мың халыққа 95,3 (ДСДРО денсаулық сақтау обсерваторияның кадрлық қорлардың деректеріне сәйкес) – бұл ЭЫДҰ елдерге қарағанда 5%-ға төмен. Сонымен бірге соңғы 10 жылдарда 10 мын халыққа орта медқызметкерлермен қамтамасыз ету 78,6-дан 95,3-ке дейін өсті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мейірбике ісін жетілдіру мақсатымен JAMK мен LAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің эксперттерімен бірге «Медициналық білім беру мен ғылымның жаңартуы» жобасы орындалып жатыр.

Мейірбикелік процестің кеңейтілген міндеттерін орындайтын мейірбикелер дайындау фин  мамандарды дайындау  үлгісіне негізделген.

Қазақстанда мейірбике ісінің мамандарын - кіші мейірбикеден бастап, мейірбике ісінің магистріне дейін - дайындау көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Он медициналық колледж Жоғары колледждер мәртебесін алды . Биылғы жылы тағы 7 медициналық колледж Жоғары колледжге қайта ұйымдастыру үшін оң бағаға ие болды.