Медицина қызметкері күні мерекесінің құрметіне ДСДРО-да салтанатты іс-шара өтті. Бас директор Айнұр Айыпханова құттықтау сөз сөйледі.
Кәсіби мерекеге орай ДСДРО қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінінің үздігі» төсбелгісімен Тарифті белгілеу орталығының басшысы Айтуарова Дана марапатталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін - Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығы ұтымды фармакотерапия бөлімінің бастығы Ләззат Есбатырова иеленді.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы бас директорының орынбасары Нурбол Күзембаев және қазақстандық Ұлттық дәрілік формуляр редакциясының бас редакторы Акмарал Арзуова марапатталды.
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының Алғыс хаттары менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисоваға, ТО тарифтерді әзірлеу және талдау бөлімінің бастығы Гүлжиһан Шайхеслямоваға, қызметкерлерді басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Зауре Мұстафинаға, полиграфияның бас маманы Акболе Жуматаевқа, БДДО медициналық ғылым және этиканы дамыту бөлімінің бас сарапшысы Алма Аубакироваға, АО сыртқы кешенді бағалау секторының меңгерушісі Индира Мадияроваға, ДЗ мен МТ ҰПО дәрілік саясатты жетілдіру бөлімінің бас маманы Динара Өтеповаға, ИМЖӘДО МЖӘ-ні дамыту бөлімінің бас менеджері Жахира Исинаға, МО денсаулық сақтау қадрлық ресурстары обсерваториясының жетекші маманы Дана Абельдиноваға, ДЗ мен МТ ҰПО медициналық технологияларды бағалау бөлімінің жетекші маманы Асима Карагизоваға және ДСЭО экономикалық зерттеулер бөлімінің талдаушы-менеджері Асем Жунусоваға берілді.
ДСДРО-ның Құрмет грамоталарымен бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маман Қарлығаш Рысбаева, СДО денсаулық сақтауды стратегиялық дамыту бөлімінің бас маманы Динара Мухамеджанова және заң және әкімшілік жұмыстар бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері Арман Оспанов марапатталды.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, жеке өмірлеріне тыныштық және жылулық, сарқылмас күш-қуат және табыс тілейміз!