Кітаптар - кішкентай емделушілер үшін

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік акция ұйымдастырды.

№ 1 және №2 қалалық балалар ауруханасының кішкентай емделушілері үшін әртүрлі жастағы балаларға арналған, қазақ және орыс тілдерінде 200 кітап сатып алынды. Ұсынылған кітаптардың арасында классикалық шығармалар, ертегілер мен әңгімелер, үйрететін құралдар мен қысқа энциклопедиялар бар.

«Астана қаласындағы екі балалар ауханасында пайда болған кітаптар бұрышы ауруханада ем алып жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, уақыттарын жылдам әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді деген үміттеміз» дейді ДСДРО бас директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова.