Қазақстан Республикасының 6 медициналық ЖОО шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Медициналық білім мен ғылымды жұмылдыру» жобасын (одан әрі - Жоба) жүзеге асыру аясында ҚР алты медициналық ЖОО ТОП-500 үздіктер қатарына кіретін шетелдік университеттермен 3-жылдық меморандумға қол қойды. Аталған жоба аясында медициналық ЖОО-на талапкерлерді іріктеудің және қабылдаудың жаңа тәсілдері енгізіліп, жоғарғы білім мен резидентураның, оның ішінде Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірге, білім беру бағдарламалары қайта қаралмақ.

Медициналық ЖОО оқитындар мен бітірушілердің құзыреттілігін тәуелсіз бағалау жүйесін одан әрі дамыту үшін,  USMLE (United States Medical Licensing Examination) жүйесіне негізделген бірыңғай ұлттық көпсатылы емтихан енгізіледі.

Жобаны орындау барысында қосымша толық іс-шаралар кешені жүзеге асырылады:

 1) медициналық және фармацевтикалық ЖОО-ын дербес үдеріске көшіру, Назарбаев университеті мен шетелдік жетекші университеттер базасында менеджерлердің біліктіліктерін арттыру;

2) Денсаулық сақтау ұйымдарының (тәжірибелік), менторлық институттардың қолдауымен медициналық ЖОО базасында университет клиникаларының-академиялық медицина орталықтарының заманауи үлгілерін енгізу;

3) ҚР медициналық ЖОО оқытушыларының біліктіліктерін бағалауға және деңгейлерін анықтауға негізделген, медициналық ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің әлеуетін арттыру.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық білім мен ғылымды жұмылдырудағы мақсат - Қазақстан Республикасы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту үшін  денсаулық сақтау жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін, басымдықтарын, халықаралық стандарттар талаптарын ескере отырып, медициналық білім мен ғылымды таңдаулы жолға салу.