ДСДРО мен Литва денсаулық ғылымы университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасына Литва денсаулық ғылымы университетінің (Каунас, Литва) делегациясы келді.

Делегация құрамында Университет Сенатының төрағасы, профессор Римантас Бенетис, халықаралық байланыс және оқу деканы, профессор Жильвинас Падайга және тағы басқа өкілдер болды.

Сапар аясында литвалық әріптестер ҚР Денсаулық сақтау миинстрі Е.Біртановпен және ҚР ДСМ мамандарымен кездесті. Сондай-ақ, олар Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында болды, кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Бірлескен қызмет үшін негізгі бағдар ретінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметі, медициналық ғылым мен білімді дамыту саласы алынды.

Осы салалардағы ынтымақтастық инфекциялық емес аурулардың алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы-ақ, қазақстандық медицина университеттерінің бірінің клиникалық базасында Литва университеті клиникасының заманауи үлгілері енгізілмек.

Бұдан басқа, мейіргер және дәрігер кадрларын дайындау деңгейінде білім беру бағдарламаларын бірлесе жалғастырмақ: Литва денсаулық ғылымы университетімен бірлесіп медицинаның шұғыл көмек көрсету саласында мамандар даярлау үшін резидентура бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.

Естеріңізге саламыз, бұл Литва денсаулық ғылымы университетімен ынтымақтастықтағы алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін 2010 жылы осы Университет базасында Ұлттық медициналық холдингтің мейіргер және дәрігер кадрлары біліктіліктерін арттырған болатын. Литва университетінен осындай  курстарды Қазақстан Республикасы аумағында да өтті.