Отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу 2017 жылы 31 млрд. жуық теңгені құрады

Импортқа тәуелділікті азайту және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютер (БД) – СК-Фармация, өз құзыреттілігі шегінде, дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) жеткізу жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарт жасау және тендерлік рәсімдерде жеңілдіктер, артықшылықтар беру арқылы осы саладағы отандық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетеді.

Бірыңғай дистрибьютер 2017 жылы отандық тауар өндірушілермен (ОТӨ) арадағы ұзақмерзімді келісімшарт бойынша 30,9 млрд.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алды, бұл 2010 жылғы ұқсас көрсеткішпен (4,8 млрд.) салыстырғанда алты есеге көп.

Бірыңғай дистрибьютермен ұзақмерзімді келісімшарт жасау отандық тауар өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықты арттырады. 10 жыл мерзімге әрекет ететін келісімшарт инвесторлар мен өндірушілерге өндірілген өнімнің өтімділігіне кепілдік береді.

Қазіргі уақытта 20 ОТӨ-мен 213 ММБ мен 553 ДЗ сатып алу үшін 30 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Сонымен бірге, ұзақмерзімді келісімшарттар жөніндегі жобаларды 2017 жылдан бастап жүзеге асыру кезінде, БД отандық фармацевтикалық өнімдерді сатып алу көлемі 2024 жылға қарай 30 млрд. теңгеден 68 млрд. теңгеге дейін артады.  

Сондай-ақ, медициналық техника өндіру бойынша отандық өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу мақсатында, 2015 жылы Бірыңғай дистрибьютер медициналық техника жеткізу үшін бірқатар ОТӨ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасты (7 жылға): «Аксель и А» ЖШС, «Ақтөберентген» АҚ, «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС және «ОралМедРегион» ЖШС. Жасалған ұзақ мерзімді шарттар жиынтығы бойынша Бірыңғай дистрибьютер сатып алуға тиісті медициналық техникалар тізіміне медициналық техниканың 99 атауы кіреді. БД медициналық техникаларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында, тізім бойынша, тапсырыс берушінің алдағы күнтізбелік әр жылға берген тапсырысы негізінде 37 айға кепілдендірілген сервистік қызмет ұсынатын өндіруші компаниядан сатып алады.