Астанада сарапшылар созылмалы инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатер факторлары мен таратылу мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР-дағы Францияның елшілігі мен Санофи компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған Франция, Германия, Ресейдің эндокринология және диабетология саласындағы сарапшылардың, Халықаралық диабет федерациясының (International Diabetes Federation-IDF) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызды ауруларды басқарудағы заманауи көзқарас. Қант диабеті» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар диабет бойынша бағдарламаларды енгізудегі халықаралық тәжірибемен бөлісті, аурудың алдын алу саласындағы ұлттық саясатқа және тәжірибеге шолу жүргізді.

2-типтегі қант диабетінің таратылуын және Қазақстанның ересек тұрғындарының арасында диабет алдындағы жай-күйін (20-79 жас) зерделеу бойынша NOMAD эпидемиологиялық зерттеулерінің нәтижелелері жарияланды. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Санофи компаниясы арасында 2019 жылға дейінгі өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 «Тәжірибе алмасу бойынша халықаралық алаң болып табылатын бұл конференция мамандардың сараптамалық пікірін алу үшін медициналық қоғамдастық үшін жақсы мүмкіндік болды. Біз келешекте де азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға бағытталған ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлескен жобаларға қатысуға дайынбыз», - деді Санофи Қазақстан басқармасының төрағасы Ранга Веларатне.

 Халықаралық диабет федерациясының мәліметтері бойынша, 2-типтегі қант диабетімен науқастану және оның таратылуы бүкіл әлемде өсуде. Ол клиникалық көрсетулер мен диагнозды қойғанға дейін 9-12 жыл бұрын дами бастайды. Диабет белгілері жоқ болу кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу, өмір сүру салтын өзгертумен байланысты диабеттің дамуына әсер ететін тиімді тәсілдер бар.Халықаралық диабет федерациясының мәліметтері бойынша, 2-типтегі қант диабетімен науқастану және оның таратылуы бүкіл әлемде өсуде. Ол клиникалық көрсетулер мен диагнозды қойғанға дейін 9-12 жыл бұрын дами бастайды. Диабет белгілері жоқ болу кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеу, өмір сүру салтын өзгертумен байланысты диабеттің дамуына әсер ететін тиімді тәсілдер бар.

Қант диабеті жыл сайын көптеген адамдардың өмірін алып кететін инфекциялық емес аурулардың төрттігіне кіреді.

«Қазақстанда ол жүйелі шешім және мемлекеттің қолдауын талап ететін әлеуметтік маңызды аурулардың қатарында. Осыған байланысты, біз қант диабетін алдын алу, ерте анықтау және науқастарды тиімді емдеу бойынша шаралар ұйымдастырамыз. 2011 жылдан бастап енгізілген Ұлттық скринигтік бағдарламаның арқасында 2-типтегі қант диабетін ерте анықтау мақсатында жыл сайын 40 жастан асқан 1,5 млн. астам адам скрининг өтеді, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева.

Ол медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қант диабетіне шалдыққан пациенттер қантты төмендететін препараттармен, инсулинмен, қан глюкозасын анықтау үшін тест тілімдерімен және глюкометрлермен қаматамасыз етілетінін атап өтті. 5 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердегі 1-типтегі қант диабетін емдеудің заманауи әдісін (помпалық инсулинотерапия) енгізу бойынша жоба жүзеге асырылуда.

 «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пациенттердің өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру мақсатында қант диабеті, артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік маңызды аурулардың менеджменті кірген Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді. Бүгінгі күні Бағдарлама республиканың 11 өңірінде жүзеге асырылуда, 2020 жылға дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде енгізілетін болады», - деп, атап өтті вице-министр.