ДСДРО мамандарын Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады

Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті.

 «Халық денсаулығы мен болашағы үшін медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелген. Дәрігерлердің әрқайсысы баға жетпес байлық – адам өмірі мен денсаулығын қорғайды. Қазақстанның денсаулық сақтау саласының даму деңгейі әр қызметкердің қосқан үлесіне, оның білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты», - деп атап өтті ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова.

Жылы лебізі мен тілегін жеткізген Айнұр Айыпханова Орталық қызметкерлеріне лайықты марапаттарын табыс етті.

Өзінің бар өмірін медицина саласына арнаған Раушан Құнабаева  «Еңбек ардагері»  медалімен марапатталды.

Бас директордың орынбасары Айман Ысқақоваға «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті атағы мен төсбелгісі берілді.

Дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану орталығының жетекшісі Гүлзира Жүсіповаға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен ДСДРО зейнеткерлері Людмила Жұмаева мен Әйгерім Тәпенованың еңбектері еленді.  

Аккредитация орталығының Аккредитация стандарттарын енгізу бөлімінің бастығы Роза Тұманова, Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жетекшісі Талғат Жұмағұлов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бас директор Айнұр Айыпханованың атынан Алғыс хат ұсынылғандар:

Зарина Темекова – Денсаулық сақтау экономикасы орталығының жетекшісі;

Асхат Мүбәраков – МЖС және инфрақұрылымдарды дамыту орталығы жетекшісінің орынбасары;

Зәуре Байғожина – Медициналық білімді дамыту бөлімінің бастығы;

Данияр Оспанов – Аккредитацияны жетілдіру бөлімінің бастығы;

Гүлнәр Ахметова – Медициналық-экономикалық талдау бөлімінің бастығы;

Камила Гаитова – Медициналық технологияларды бағалау бөлімінің бастығы;

Азамат Сағиданов – Білімді бағалау бөлімінің бас маманы;

Динара Мұхамеджанова – Стратегиялық бағыттар мониторингі бөлімінің бас маманы;

Елдос Жаркенов – Стандарттар енгізу бөлімінің бас маманы;

Акмарал Медибаева – Медициналық білімді дамыту бөлімінің жетекші маманы.  

Орталықтың және денсаулық сақтау ұйымдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Жылы мейірімдеріңіз, қажымас қайрат пен ерен еңбектеріңіз, және де кәсіби біліктеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс және отбасылық береке-бірлік тілейміз.