Денсаулық сақтау министрлігі «Жәрдем-Содействие» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын іске қосты

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп «Жәрдем-Содействие» акциясын іске қосты.

Денсаулық сақтау саласында (жалақыны уақытылы төлемеу, сыбайлас жемқорлық, алым) қаржылық заң бұзушылықтармен бетпе-бет келген медициналық қызметкер немесе дәрігерге қаралушы азамат  «Жәрдем-Содействие» белгісімен шағымдарын 100@rcrz.kz электронды почтасына жіберулеріне болады. ДСДРО алған ақпаратты тексеру және шара қолданылуын бақылау үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарауына жібереді.

Аталған акция азаматтық саналылықты нығайтуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде қаржылық заң бұзушылық фактілерін анықтаудағы мөлдірлікті, ашықтықты, жеделдікті арттыруға бағытталған.