Астанада Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары талқыланды

Бүгін Астанада елорда әкімдігінің,  ШЫҰ хатшылығының, «Назарбаев университеті» ДБҰ қолдауымен «Жаңа күш, жаңа өмір: Жібек жолы елдерінің бірлескен инновациялары» атты І халықаралық форум өтті.

Аталған форумның ұйымдастырушысы – G-Global халықаралық хатшылығы. Шараға Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг,«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаев, ҚР Парламентінің  депутаттары, халықаралық сарапшылар, салалық министрліктердің, жастар ұйымдарының, бизнес құрылымдарыныңөкілдері және басқалар қатысты.

Форум барысындақатысушылар медицина, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика және энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Жібек жолы елдерініңэлектронды коммерциясы мен логистикасы мәселелерін қарастырды.

Форум жұмысыбірнеше панельді сеесиялар аясында өтті, солардың бірі Жібек жолы елдері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастыққа арналды.

Панельді сессияны Қазақстанның Ұлттық Медицина Қауымдастығының президенті Айжан Садықова құттықтау сөз сөйлеп ашты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова сөз алды.

Өз сөзінде ол, Жібек жолы елдерініңбірлескен инновациясының І халықаралық форумы біздің континентіміздегі елдер ынтымақтастығының ғаламдық мәнді мәтініне тығыз байланыста енгізілетіндігіне тоқталды.

«Осыдан 10 күн бұрын ғана, 18 тамызда ҚХР Үкіметінің бастамасы бойынша Пекинде 30-дан аса елдердің қатысуымен (ДДҰ бас директоры да болды) медициналық төтенше жағдайларда, эпидемиялардың алдын алу кезінде елдердің іс-әрекеттерін үйлестіру жөніндегі келісімге қол қойылды. Менің ойымша, баға саясаты мен денсаулық сақтау шараларының қолжетімділігін арттыру жағын алып қарағанда, медициналық жабдықтарды, медициналық бұйымдарды және дәрілік заттарды сатып алу саласындағы ынтымақтастық та қатысушы елдердің тұрғындарының қызығушылығын тудыруы мүмкін», - дейді Айнұр Айыпханова.

«Астана экономикалық форумының панельді сессиясының әлемдік сарапшылары атап өткендей, жалпы ішкі өнім елдердің әл-ауқатының өлшем бірлігі ретінде универсалды индикаторы бола алмайды. Даму және әл-ауқат деңгейі адамдардың  өмір сүру сапасының көрсеткіштерімен өлшенеді. Өкінішке қарай, денсаулық сақтау жүйесі мұндай факторлардың аз ғана бөлігіне әсер ете алады.  Сондықтан адам өмірі жекелеген факторларға немесе салауатты өмір сүруге ғана байланысты емес, жалпы қоғамның экологиялық жүйесіне тәуелді», - деді спикер.

Қорытындылай келе, Жібек жолы елдерінің экономикалық ынтымақтастығы аясында денсаулық индустриясы бағытындағы ынтымақтастыққа Қазақстанның әзір екендігін атап өтті.