Қазақстанда алғаш рет фармкомпаниялар арасында жарыссөз өтті

Бүгін, клиникалық фармакология және фармация жөніндегі «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»  атты халықаралық конференция аясында Қазақстанда алғаш рет, «GlaxoSmithKline» және «Pfizer» бәсекелес фармацевтикалық компаниялардың сарапшылары арасында «Қазақстандағы екпелік алдын алу бағдарламалары үшін пневмококк екпелерін ұтымды таңдау» тақырыбында жарыссөз (дебат) болды.  Жарыссөздер синхронды аудармамен ағылшын тілінде өтті.  «GlaxoSmithKline» компаниясы атынан  - GlaxoSmithKline ғылыми коммуникация бөлімшесінің басшысы, MD, PhD Otavio Sintra (Ұлыбритания), «Pfizer» компаниясы тарапынан - MD, PhD, пневмококк екпелері бойынша медициналық директоры Christian Theilacker (Германия) сөз алды. Бұл барлық қатысушылар үшін екпелерді ұтымды пайдалану туралы кәсіби диалогтан алған қызықты тәжірибе болды. Жарыссөз (дебат) модераторы – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова. 

Жарыссөзге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі  Ләзат Ақтаева, СDC (Аурудын алдын алу және бақылау орталықтары) аймақтық офисінің директоры D.Moffett, Королевский фармацевтика қоғамының директоры Karen Baxter,  ҚР тұрғындарын иммундау жөніндегі консультативтік комиссия мүшелері, сондай-ақ инфекциялық аурулар, екпелік алдын алу және клиникалық фармакология мәселелері бойынша Қазақстан мен шетелдің жетекші сарапшылары қатысты.

Жарыссөз барысында қатысушылар ұсынылған екпе туралы, оның қолдану көрсеткіштері туралы жалпы ақпарат, салыстырмалы артықшылықтары (аурудың немесе ауыр асқынулардың бетін қайтару деңгейі, экономикалық тиімділігі) мен екпені қолдану қауіпсіздігі (рандомизацияланған клиникалық зерттеулер нәтижелері, жүйелі шолулар немесе мета-талдаулар) туралы ғылыми негіздемелік деректер ұсынды және  Қазақстандағы 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы  популяция Streptococcus pneumoniae серотиптерінің (немесе басқа географиялық аймақтардағы популяциялар) ерекшеліктері мен серотиптердің екпе валенттілігімен өзара байланысы туралы айтып берді.

 Жалпы, жарыссөздер өндірушілер, клиницисттер өкілдері мен ҚР денсаулық сақтау саласында саяси шешім қабылдайтын тұлғалар арасындағы  пневмококкты инфекциялар тудыратын аурулардың ұтымды екпелік алдын алу мәселелері бойынша кәсіби диалог алаңына айналды.

Жарыссөз нәтижесі спикерлердің сөйлеген сөздері мен талқылаулардың қорытындылары бойынша сарапшылардың ұсынымдары  берілетін Қарар болмақ. Сондай-ақ, жарыссөз қорытындылары жөніндегі негізгі шешім Конференцияның жалпы қарарына енгізілетін болады.