ДДҰ Еуропа комитетінің сессиясында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекеттер жоспарларын жүзеге асырудың аралық нәтижелері қорытындылануда

Кеше Будапештте ДДҰ Еуропа аймақтық комитетінің 67 сессиясы өз жұмысын бастады, ол қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ілгерілеу, сондай-ақ ДДҰ Еуропа аймағындағы мүше-мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелеріне арналған.

Шараға 600-ден аса қатысушылар – Еуропа одағының, Орталық және Шығыс Еуропаның, Кавказдың және Орталық Азияның 53 елінен келген денсаулық сақтау министрлері мен денсаулық сақтау саласының жоғары шенді өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын оның Жоғары мәртебелі Корольдігінің кронханшайымы Мэри Датская, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейсус ашты.

Қатысушылардың қазақстандық делегациясы құрамында денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова, Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Гүлнар Мұханова, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп, ДДҰ Атқару комитетінің мүшесі Мақсұт Құлжанов, Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Нұрлан Алғашов бар.

Қазақстандық делегация басшысы ретінде сессия отырысында Алексей Цой сөз сөйледі. Өз сөзінде вице-министр Қазақстан Үкіметі ДДҰ саясатын қолдайтындығын және денсаулықты нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралар жайын баяндады. Ол Қазақстанда сектораралық деңгейде денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселелерімен айналысатын ұлттық үйлестіру кеңесі құрылғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Алексей Цой қатысушыларды келесі жылы Алматыда өтетін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша 1978 жылы қабылданған ДДҰ Алматы декларациясының 40-жылдығына арналатын халықаралық конференцияға шақырды. Және де ол мерейтойға орай аталған декларация ережесін жаңартуға қатысты Қазақстан ұсынысын жеткізді.

Төрт күндік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдарға арналған тағам және тағам өнімдері саласындағы, 2012-2020 жылдарға арналған психикалық денсаулықты сақтау және зиянды алкоголь өнімдерін тұтынуды азайту жөніндегі Еуропа іс-әрекет жоспарларының жүзеге асырылу барысы туралы

есептері қаралуда. Бұл ретте, ДДҰ Еуропа аймағының қызметін 900 миллионнан астам адам өтейтінін атап өткен жөн.

Сессия делегаттарына аймақтағы Халықаралық медициналық-санитарлық ережелердің орындалуы туралы қорытынды есеп те ұсынылады.

Бұдан басқа, үміткерлерден Аймақтық комитеттің 4 атқарушы мүшесі және 4 тұрақты мүшесі таңдалды.