«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау менеджері» журналының екінші нөмірі жарыққа шықты

Құрметті оқырман!
 
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау менеджері» журналының екінші нөмірі жарыққа шықты. Журналдың кезекті санынан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері ұсынған Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ассамблеясының 70-ші сессиясына қатысу туралы ақпаратпен таныса аласыздар. Сонымен қатар нөмірде Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында «Тиімді оқытушы» құзыретін қалыптастыру мен қолдау және денсаулық сақтау саласы шығындарының Орталық Азия мемлекеттері тұрғындарының денсаулық жағдайына әсерін бағалау секілді өзекті тақырыптарды қамтитын мақалалар жарияланған. Журналдың аталмыш нөмірімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.