Таразда клиникалық фармакология және фармация жөніндегі халықаралық конференция материалдары таныстырылды

Таразда №1 қалалық аурухана базасында клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»  семинары болып өтті.

Шара аясында қатысушыларға 8-9 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен клиникалық фармакология және фармация жөніндегі «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану»  атты халықаралық конференцияның қорытындылары мен материалдары таныстырылды.

ДСДРО аймақтық өкілі Гүлмира Жараспаева әріптестеріне конференция аясында талқыланған бағдарлама мен өзекті мәселелер туралы мәлім етті.

Дәлелді медицина тұрғысынан нақты бір науқас үшін пайдаланылатын дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мәселелері бірлескен талқылауға шығарылды.

Халықаралық конференцияның қатысушылары №2 қалалық аурухананың дәрігері А.Бегелтаева, облыстық аурухананың провизоры Р.Шаймерденова, ЖИТС орталығының өкілі Г.Байдәулетова фармакотерапияның сырқат ағымына және нәтижесіне, дәрілік өзара әрекеттестігіне, дәлелді медицинаға және  дәрі-дәрмектердің этикалық жылжуына әсері туралы  айтып берді.

Тыңдаушылар семинардың маңыздылығын, себебі таныстырылған материалдар медициналық ұйымдардың формулярлық комиссиясы мүшелері мен тәжірибе жинақтап