ДСДРО Бас директоры студент-практиканттарға жаһандық денсаулық сақтау мәселелерін ұйымдастыруға қатысу туралы әңгімелеп берді

Бүгін ДСДРО-да практикасын өтеп  жүрген 24 студент үшін ұйымның даму стратегиясы, қауіпсіздік техникасы, еңбек тәртібі және корпоративтік мәдениет бойынша Бас директор Айнұр Айыпханованың  қатысуымен кіріспе нұсқаулық жүргізілді.

 Кездесуде ДСДРО басшысы практиканттарға ұйымның денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық жобаларды ұйымдастыруға қатысуы туралы, сондай-ақ ДСДРО-ның алдағы Алматылық декларацияның 40 жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі 2018 жылғы  25-26 қазанда  Астанада өтетін конференцияға дайындалып жатқандығы туралы айтты.  Осы конференция аясында  ДДҰ және ЮНИСЕФ жастарды, соның ішінде студенттерді белсенді түрде тартуды жоспарлайды. Осылайша, 24 қазанда, негізгі конференцияға бір күн қалғанда  шетелден келген студенттердің және қазақстан жастарының қатысуымен Астана қаласында жекелеген іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, негізгі конференция кезінде – 25-26 қазан күндері басқа да елдердің денсаулық сақтау министрлері қатысатын ресми секцияларға қазақстандық және шетелдік студент жастардың қатыстыру жоспарланады.

Студент-практиканттарды бағдарлауда ДСДРО басшылары ү. ж.21-нен 26-мамыр аралығында Швейцария, Женева қаласында өткен  Дүниежүзілік денсаулық Сақтау Ассамблеясының 71- сессиясына  қазақстандық делегация өкілдерінің баяндамаларын дайындау үшін материалдарды дайындаудағы бөлімшелердің талдамалық жұмысын  атап өтті.

Сондай-ақ, Айнұр Айыпханова студенттерді практикадан өткеннен кейін ДСДРО өткізетін: денсаулық сақтауды қаржыландыру (19-20 маусым) және мейіргерлік іс (22-23 маусым) бойынша Астана қаласында өтетін халықаралық конференцияларға қатысуға  және еріктілер болуға  шақырды.

ДСДРО ұйымдастыратын конференциялар туралы ақпарат мына ресми сайтта қолжетімді.