Қазақстанның барлық аймақтарындағы медициналық мекемелерге ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту үшін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің арасында семинар өткізу кестесін бекіткен болатын.
Бүгін Алматы облысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззәт Ақтаеваның басшылық етуімен жұмыс тобы дәрігерлерге семинар сабақтар мен тренинг өткізуде. Жұмыс тобына Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, Республикалық денсаулық сақтау орталығы мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары кірді.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, Аймақтық департамент қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мүшелері, фармация комитеті, бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары екі күн бойы денсаулық сақтау саласын модернизациялау жүйесінің негізгі бағыттарымен таныс болады.
Вице-министр семинар барысында министрлік басқаруындағы "Денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту" жобасы іске асатынын мәлімдеді. Сонымен қатар "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 базалық жобаны іске асыру жоспарланған.
ҚР Үкіметінің "Денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту"жобасының аясында алты бастама іске асырылады: 2019 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медициналық мекемелер мен бәсекелестікті нығайту, денсаулық саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, дәрі-дәрмек нарығын,медциналық туризм мен импортты алмастыру, әлеуметтік маңызы бар ауруларға түсетін ауыртпалықты азайту.
Ләззәт Ақтаева семинарға қатысушыларға әрбір бастаманы іске асыру жолдарын көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдар мен оның басшыларының бұл бастаманы іске асырудағы міндеттерін айқындап берді.
2018 жылдың бірінші тоқсанында жобаларды басқару барысында министрліктің бастауымен ГОБМП-ның жаңа үлгісі дайындалды. ФСМС 65,9 млрд теңге жинақталды (2018 жылдың 17 мамардағы көрсеткіші бойынша). Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында жаңа байланыс стартегиясы дайындалды.
"Бәсекелестік пен жекеменшік медициналық мекемелерді дамыту" бастамасы аясында барлық аймақта жоспар бекітілді. Инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар мен сәуір айларында 18,8 млрд теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі 69,8 пайызды құраған.
"Денсаулық сақтау саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру" бастамасы бойынша " Медициналық құжаттарды қағаздан арылту" пилоттық жобасы 202 медициналық мекемеге енгізілді.
"Дәрі-дәрмек нарығын дамыту" бастамасы аясында ұзақ мерзімдік келісім шарт негізінде ДЗ және ММБ ОТӨ-ден 511 дәрінің атауы 48,6 млрд.теңгеге сатып алынды.
"Медициналық туризмді дамыту мен импортты алмастыру" бастамасы аясында медициналық туризмді дамыту мақсатында "ҚР туристік қызметі туралы" Заңына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.
"Әлеуметтік маңызы бар ауруларға түсетін ауыртпалықтарды азайту" бастамасы аясында Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы құрылды. Сонымен қатар онкологиялық аурулармен жүйелі түрде күресу үшін 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар дайындалды. Концепцияның жобасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дер кезінде көрсету болып табылады.
"Денсаулық сақтау жүйесін қайта жаңғырту" жобасын іске асыру үшін аймақ деңгейінде жоспар құрылған. Жобаны басқару штабы құрылып, 6 негізгі және 6 қосымша бастама анықталды. Жобаға қатысушы топтар мен бастаманың мақсатты индикаторы аймақтық деңгейде қаралды.
Семинар барысында емделушінің медициналық қажетілігін айқындайтын дерекқор, алғашқы медициналық көмекті дамыту, МЖС инвестиция тарту, электронды денсаулық сақтау жүйесі мен дәрі-дәрмек нарығын дамыту, медицина ғылымы мен білімін жаңғырту, денсаулық саласына ұжымдық басқаруды енгізу, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру мен аймақтық қарым-қатынастарды дамыту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Бекітілген кесте бойынша мұндай семинарлар Қазақстанның барлық аймақтарында өткізу жоспарланған.