12 мамыр – Халықаралық мейірбике күні. Дүние жүзінде мейірбике ісі ең құрметті және талап етілген мамандықтар қатарына жатады.
Қазақстанда медициналық кадрлардың саны 245 мыңнан астам мамандар құрайды, олардың ішінде 170 мыңнан астам – орта медициналық қызметкерлер, олардың 30%-ы ауыл аймақтарда еңбек етіп жатыр.
Орта қызметкерлердің қамтамасыз етудің орташа көрсеткіші – 10 мың халыққа 95,3 (ДСДРО денсаулық сақтау обсерваторияның кадрлық қорлардың деректеріне сәйкес) – бұл ЭЫДҰ елдерге қарағанда 5%-ға төмен. Сонымен бірге соңғы 10 жылдарда 10 мын халыққа орта медқызметкерлермен қамтамасыз ету 78,6-дан 95,3-ке дейін өсті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мейірбике ісін жетілдіру мақсатымен JAMK мен LAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің эксперттерімен бірге «Медициналық білім беру мен ғылымның жаңартуы» жобасы орындалып жатыр.
Мейірбикелік процестің кеңейтілген міндеттерін орындайтын мейірбикелер дайындау фин мамандарды дайындау үлгісіне негізделген.
Қазақстанда мейірбике ісінің мамандарын - кіші мейірбикеден бастап, мейірбике ісінің магистріне дейін - дайындау көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Он медициналық колледж Жоғары колледждер мәртебесін алды . Биылғы жылы тағы 7 медициналық колледж Жоғары колледжге қайта ұйымдастыру үшін оң бағаға ие болды.
2018 жылдың ақпан айында 308 мейірбике ісінің қолданбалы бакалаврлардың алғашқы шығуы өтті . Бұл жаңа формация мейірбикелері. Олар тәуелсіз мейірбикелік күтім жасап, кеңес беріп, емделушілерді, олардың туысқандарын ауруды басқаруға үйретіп, денсаулықты нығайту және ауруларды алдын алу жүзеге асырады.
Бұдан басқа, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарда мейірбикелік қызметінің жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу бойынша пилоттық жобасы құрылып жатыр. Бұл жоба 2017 жылдың тамыз айында басталды, оған Республиканың 7 жоғары медициналық колледждер мен 29 пилоттық медициналық ұйым қатысты. Жобаның мақсаты - медициналық ұйымдардағы мейірбикелік мамандарға тиісті халықаралық талаптар негізінде мейірбикелік қызметтің жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу.
Сондай-ақ, осы жылы Астана қаласында 22-23 маусымда алғаш рет Қазақстанда ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығымен I Халықаралық мейірбике ісі конференциясын өткізуі жоспарлануда. Конференция жұмысына АҚШ, Канада, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан және басқа елдердің өкілдері, ДДҰ-ның және ЮНИСЕФ, оқытушылар, жетекші медициналық жоғарғы оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың, медициналық колледждердің өкілдері, денсаулық сақтау басқармалары, қоғамдық ұйымдар, мейірбикелер қатысады.
Конференция Казақстандағы мейірбикелік қызметің дамытудағы өзекті мәселелерін талқылау сұхбат алаңына айналады. Конференция жұмысына қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз. Конференция бағдарламасымен ДСДРО сайтында танысуға болады http://www.rcrz.kz/index.php/ru/conf0618-4. Кіру еркін.
Халықаралық мейірбикелер күні алдында мейірбикелерді кәсіби мерекесімен куттыктап, еңбектеріңіз үшін терең алғысымызбен ризашылығымызды білдіреміз, шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, амандық тілейміз.