Медициналық ұйымдардың есебін оңтайландыру, электронды құжат айналымына кзең-кезеңмен көшіру бойынша Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы жұмыстар жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы жоспарлануда.
Осы бұйрық бойынша ұсыныстарды жинау, қалыптастыру және әзірлеу үшін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында Денсаулық сақтау басқармаларының, кәсіби медициналық қауымдастықтардың өкілдерінен, құзыретті сарапшылардан, Бизнес кеңестің мүшелерінен, Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен, медициналық қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылатын болады.
Сіздерді осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. 20 шілдеге дейінгі мерзімде жұмыс тобының құрамына кандидатураны қосу үшін түйіндемеңізді байланыс ақпаратымен seidakhmetova_a@rcrz.kz электрондық мекенжайына ұсынуды сұраймыз.
Бұйрыққа ұсыныстар 2018 жылдың 20 тамызына дейін seidakhmetova_a@rcrz.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар нөмірлеріне хабарласа аласыздар: 700-950 (іш.1101, 1145).