Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Professionalize Kazakhstan» (K-Pro3) бірегей форматындағы білім беру жобасы бойынша Centras Management Academy ұйымдастырған екі апталық тренинг өтілуде.
Тренинг мұғалімдердің, кәсіпқойлардың, болашақ орта менеджерлердің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған және келесі құзыреттерді дамытуға бағытталған: азаматтық бастама, көшбасшылық, проблемаларды шешу, жүйені көру, әмбебаптық, IT-технологияларды білу.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері, Қазақстанның түрлі өңірлерінен мейіргер ісі бойынша көшбасшы - мейіргерлер, сондай-ақ медициналық колледжі одағының төрағасы «Professionalize Kazakhstan» үшінші ағымы бағдарламасына қатысуда.
Осы бағдарламаның қатысушылары - жеке бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері атақты табысты адамдармен кездесті, ірі компаниялар мен елдегі өндірістерге барды, экономиканың түрлі салаларындағы қызықты ситуациялық мәселелерді анықтады.
Екі апталық курсқа қазақстандық кәсіпорындардағы бизнес-процестермен танысу, Нұрлан Смағұлов, Қайрат Мәжібаев бизнес өкілдерінің дәрістерін тыңдау, жетекші IТ және сақтандыру компанияларының отырыстарына қатысу, Microsoft, Ernst and Young, KPMG, Boston Consulting Group компанияларының өкілдерімен ынтымақтастықта әлемдік үрдістерді талқылау кірді.
Екі апта ішінде танымал қазақстандықтар - Эльдар Абдразаков, Нұрбек Саясат, Досым Сәтпаев, Рахым Ошақбаев пен Жаннат Ертілесовамен кездесулер болды.
Жоба аясында қатысушылар Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесті, олар бейресми жағдайда денсаулық сақтаудың шұғыл мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, практикалық сабақтар шағын топтарда, сабақтар түрінде орын алады. Екінші апта жобаларды қорғау конкурсынан тұрды. Айта кететін жәйт, екі бәсекелестік күн бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен командалық 6 жүлделі орынға ие болды.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мекеме өкілдерінің, практикалық денсаулық сақтау мен медициналық қауымдастығы өкілдерінің «Professionalize Kazakhstan» (K-Pro 3) бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алғанына Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстан Республикасының министрі Елжан Біртановқа алғысын білдіреді.