Қайта реттеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында МӘМС жүйесіндегі ЕМС қызметінің аспектілері қаралды

Бүгін, Астанада Қайта реттеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері талқыланды.

Шараға бизнестің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке медициналық клиникалардың  өкілдері және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жұмыс барысында ЕМС пен МӘМС-ті ұштастыру, МӘМС шеңберінде ЕМС бойынша жұмыс істейтін клиникаларға тіркеу мәселелері, МӘМС тізбесінде және ЕМС шарттарында қызметтердің қайталануы мәселелері қаралды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы салық төлеуші (ӘМСҚ) ЕМС-те сақтандырылған тұлғаларға қызмет көрсеткен қызмет берушілермен өзара есеп айырысуды ұйымдастыру жөніндегі «көмекшісі» ретінде белгілейтін «Ассистанс-клиника» ұғымын  енгізу туралы ұсыныс енгізді.

Талқылау нәтижесі бойынша ЕМС мәселесін 2018 жылғы 3 шілдеде ҚР ДСМ Бизнес кеңесінің кезекті отырысына шығару туралы шешім қабылданды.

Медицина қызметкерлерінің және денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесі бойынша сақтандыру шығыстарын 2020 жылдан бастап ТМККК/МӘМС тарифтеріне енгізу жөніндегі ұсыныстар айтылды, сондай-ақ сақтандыру шартын, тәуекелдер картасын, тарифтер торын жасауды қоса алғанда, сақтандыру жағдайларының тізілімі мен жағдайлардың кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру механизмін құру  мүмкіндігі талқыланды.