Куала-Лумпур қаласында қыркүйектің 23-інен 26-ы аралығында ДСДРО Аккредиттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 35-ші Халықаралық ISQua (International Society for Quality in Health Care, ISQua) конференциясы өтеді. Конференцияға 180-нен астам шақырылған шешендер қатысады, 1500 делегат және 400 постерлер күтілуде, осы жылғы конференция ISQua-да бүгінгі күннің ең үлкені болады.

 

«Heads, Hearts and Hands: Weaving the Fabric of Quality and Safety» ISQua  конференциясының тақырыбы  11 өзекті бағыттан тұрады, олардың ішінде: халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының сапасы мен қауіпсіздігі, пациенттердің қауіпсіздігі, сыртқы бағалау, инновациялық тәсілдер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басшылық пен саясат.

20-21 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанда дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және формулярлық жүйені жетілдіру бойынша семинар өткізеді.

 

Клиникалық фармацевт, Жаңа зеландиялық Ұлттық формуляр кеңесшісі, Отаго Университетінің профессоры (Жаңа Зеландия) Дэвид Вудс (David Woods) негізгі жаттықтырушы ретінде болады.

17-19 қыркүйекте   Астанда № 10 қалалық емхананың базасында Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп,   «Инновациялық технологиялар, экономикалық өзгерістер, әлеуметтік бағдар, заманауи медбикелік тәжірибе, бастапқы денсаулық сақтау буыны деңгейіндегі ұйымдық психология» атты семинар-тренинг өткізуде.

 

Іс-шараға халыққа отбасылық қызмет көрсету қағидатын дамытуға бағытталған жұмыс істеп тұрған емханалардың базасында құрылған 16 өңірлік үздік практика орталықтарының  өкілдері,  сондай-ақ МСАК саласындағы сарапшылар және мемлекеттік және жеке меншік салаларындағы жетекші практикалық  денсаулық сақтау мамандары қатысады.

2018 жылғы  13-14 қыркүйекте Астанада Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО және GIZ, SDC агенттіктерінің және P4H ғаламдық желісі  өкілдері  арасында ынтымақтастықты кеңейту және P4H-тың әріптестігін  Орталық Азияда және   орыс тілді елдерде жылжыту жөніндегі  өңірлік орталық ретінде Қазақстанның позициясын нығайту мәселелері бойынша  кездесу болып өтті.

 

Қазақстан сарапшылары  делегациясы құрамында стратегиялық жоспарлау жөніндегі GIZ бас кеңесшісі доктор Франц фон Ренна (Dr.. Franz von Roenne), Шығыс Еуропа және Орталық Азия  елдері үшін денсаулық сақтау жөніндегі SDC кеңесшісі Плацелла Энричетта (Placella Enrichetta) және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға кеңесші, ДДҰ-ның ғылыми қызметкері Баярсайхан Дорджсурен (Bayarsaikhan Dorjsuren) барды.

Қазақстанда  қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін дамытудағы  қажеттіліктерді  бағалау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы делегациясының сапары аясында ДСДРО-да Республикалық электрондық денсаулық сақтау  орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.