Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың басшылары мен кадрлық қызмет мамандары үшін «HR менеджмент. Кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курстарын өткізеді.
Бұл оқыту форматы ұйымға шығынды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қашықтағы бағыт:
- тәулік бойы қолжетімді бұқаралық оқыту 24/7;
- қажетті ақпаратқа тұрақты қол жеткізу;
-электрондық сертификаттау.
Алынған білім сала дамуының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған заманауи HR менеджменттің негіздерін, медициналық ұйымның қызметіне заманауи кадрлық технологияларды: персоналды жұмысқа қабылдау, бейімделу, тәлімгерлік, мансапты дамыту, ұйымдастырушылық мәдениет, медицина қызметкерлерін ынталандыру, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайлары және т.б. енгізуге ықпал етеді.
Оқуға қатысуға тілек білдірушілер obskrz@mail.ru электрондық пошта мекенжайына өтініш және төлқұжатының көшірмесін жібере алады, өтініш нысаны сілтесі бойынша қол жетімді.
Қашықтықтан оқыту курсының құны 20040 теңгені ҚҚС есебімен құрайды.
Оқу туралы шарт жасасу туралы ақпараттық хат
Тіркеу туралы сұрақтарыңыз болса, ДСДРО менеджмент орталығының денсаулық сақтау кадр ресурстары обсерваториясына хабарласыңыз: 8 (7172) 700-950 (ішкі 1087, 1096, 1040).