20 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтті.
Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары Денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Алқа мәжілісі шеңберінде ҚР Денсаулық Вице-министрі Ләззат Ақтаева «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы және ағымдағы жылғы 6 айдың ішінде қолжеткізілген жобалық басқару көрсеткіштері туралы ақпарат берді.
Алқа қатысушыларына «Қағазссыз медициналық құжаттар жүргізуге көшу туралы» Денсаулық сақтау Вице-министрі Олжас Әбішев баяндады.
Сондай-ақ, отырыста Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің «Өңірлер бойынша медициналық қызметтердің сапасы туралы» және Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаевтың «Улану мен жарақат алу тәрізді қайғылы жағдайларда, ауруханаға дейінгі өлім көрсеткішін төмендету жөніндегі іс-шаралар туралы» баяндамалары тыңдалды.
Алқа мәжілісінің материалдары сілтемесі бойынша Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтында қолжетімді.