Медициналық қызметтердің сапасын арттыру ДСДРО-ны селекторлық кеңесте талқылауға шақырады

23 тамызда сағат 10.00-де Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР медициналық ұйымдарының өкілдері үшін селекторлық режимде жиналыс өткізуді жоспарлайды.

 

Кеңеске қатысуға медициналық ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын шақырамыз.

 

Селекторда медициналық қызметтердің сапасын басқару ұлттық тұжырымдамасын және ұлттық аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын  әзірлеу мәселелері талқыланатын болады.

 

Спикерлер ретінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, Аккредиттеу орталығының басшысы Ботагоз Каупбаева, Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нургалиева сөз сөйлейді.

 

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу медициналық қызмет көрсетудің  жоғары деңгейдегі сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды факторы болып табылады. Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу биылғы жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес жаңартылған стандарттар бойынша жүргізілетін болады (сілтеме - http://zan.gov.kz/client/#!/doc/122897/rus). Осыған байланысты, селектор шеңберінде ұлттық аккредиттеуден өту үшін қажетті медициналық ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.

 

Сондай-ақ, қорытындысы ДСДРО жариялаған Қазақстанның медициналық ұйымдарының 2017 жылғы рейтингінің нәтижелері талқыланатын болады.

 

Медициналық ұйымдардың қызметін рейтингтік  бағалау медициналық көмек сапасын басқару үрдісін құрайтындардың бірі ретінде қаралады. Тәуелсіз бағалау қызмет берушілердің қызметіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан, тұтынушыларды қызмет берушілердің қызметі туралы ақпараттандыру арқылы, ол қызмет берушілерді  қызмет ету көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуға ынталандырады.

 

Селектордың  шеңберінде бірлесіп іске асыру елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін  басқа да бірқатар түйінді интервенцияларды талқылау көзделеді.

 

Селекторға қатысам деушілер ДСДРО Аккредиттеу орталығына мына тел. арқылы хабарласуларына болады: 8 (7172) 700 950 ішкі  1129,1059,1116,1051,1068.