Халықаралық туристік көрмеде туроператорлармен медициналық туризмнің дамуы туралы диалог өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
26 қыркүйекте астаналық «Көрме» орталығында 12 елдің өкілдері қатысатын «Astana Leisure 2018» Қазақстандық Халықаралық туристік көрмесі өтіп кетті.
Іс-шарада медициналық және сауықтыру туризміне баса назар аударылды. Осыған байланысты, көрме аясында медициналық және туристік ұйымдардың өзара қарым-қатынасын жөнге салу мақсатында жүргізілген «Күрделі мәселелер және медициналық ұйымдар мен туристік қызмет ұйымдарының ынтымақтасу жолдары» конференциясы өтті.
ДСДРО акушерлік қиын жағдайлар аудитіне арналған семинарларды өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
24-27 қыркүйек аралығында Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығында акушерлік қиын жағдайлар аудитіне арналған семинарларды өткізді. Семинарларда Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Манғыстау, Атырау обылыстарынан қатысулышылар болды.
Ана мен бала Ұллты ғылыми орталығының психотерапевті Ануар Абзуллин және Ұллтық эксперт, ДСДРО-ның бас маманы Гибрат Малгаздаров семинар қатысушыларын акушерлік қиын жағдайлар аудитінің методологиясының принциптерімен таныстырды.
ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамына қосу үшін конкурсқа қатысу
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.
Аймақтық Денсаулық сақтау басқармалары жанынан бизнес-кеңестер құрылатын болады
- Толығырақ
- Автор: Super User
17 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Денсаулық сақтау саласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды.
Бұл бұйрық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізудің негізгі аспектілерін қозғайды.
Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтердің құнын бекітті
- Толығырақ
- Автор: Super User
Қазақстанда жыл сайын халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекітіледі.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.