ДСДРО ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлау негіздері жөніндегі семинарға тыңдаушылар жинақтайтындығы туралы хабарлайды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер менеджменті және тиімді жоспарлау негіздері» бойынша бес күндік семинарға  тыңдаушылар жинайды.

 

Семинар 2018 жылғы17 қыркүйекте басталады.

 

54 сағаттық курс ҒЗИ және медициналық ЖОО басшыларына, қызметкерлеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған.

 

Семинардың шеңберінде келесі сұрақтар қарастырылады:

 

- ғылыми жұмысты ресімдеу техникасы;

- ғылыми зерттеулер деректерін жинақтау және топтастыру техникасы;

- тәжірибеде алынғандарды  қоса алғанда, статистикалық материалдарды қазіргі заманғы бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып; жүзеге асырылатын іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы параметрлік және параметрлік емес өңдеу әдістері  техникасы.

 

Оқытуды білікті дәріскер, AMEE қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, ДДҰ-ның "Effective project planning and Evaluation in health research" сертификатталған жаттықтырушы Виталий Койков өткізеді.

 

Бір тыңдаушы үшін қатысу құны  41 300 теңгені құрайды (ҚҚС-пен).

 

Оқытуға қатысам деушілер өтінімдерін rcrz.nauka@inbox.ru эл.мекенжайына жіберулеріне немесе ДСДРО Білім және ғылымды дамыту орталығының медициналық ғылымды және этиканы дамыту бөліміне мына тел арқылы хабарласуларына болады.: 8 (7172) 700 950, ішкі 1115, +7 707 9400834, Аубакирова Алма Серкпаевна.