Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өңірдегі медициналық мекемелер үшін «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында көшпелі семинарларға тыңдаушылар жинақтауда.
Семинар медициналық ұйымдар басшыларын және орынбасарларын, кадр қызметінің басшыларын менеджментті дамыту, корпоративтік басқару, кадрлармен қамтамасыз ету және HR менеджмент мәселелері бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білімдер саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға, медициналық ұйымның қызметінде заманауи кадрлық технологияларды қолдануға ықпал етеді.
Оқу курсының құны ҚҚС есебімен 33160 (отыз үш мың бір жүз алпыс) теңгені құрайды, курс ұзақтығы - 54 сағат (5 күн). Өтініш нысаны және оқу туралы шарт жасасу туралы ақпараттық хат сілтесі бойынша қол жетімді, сондай-ақ сертификатқа жеке куәліктің көшірмесін жіберу қажет.
Тіркеу туралы сұрақтарыңыз болса 8 (7172) 700-950 телефоны бойынша (1087, 1096, 1040) ДСДРО-ң Менеджмент орталығының денсаулық сақтау кадр ресурстар Обсерваториясына хабарласыңыз. БИН 110340017483. Тыңдаушылар тобы (20 адамнан кем емес) study@mail.kz электрондық мекен-жайына тапсырыстар түсуіне байланысты қалыптасады. Төменде өңірлерде өткізілетін семинарлардың өткізу алдын-ала кестесі келтірілген.
Өткізілу орны |
Аймақтар (өңірлер) |
Алдын ала бекітілген күн |
Семей қаласы |
Шығыс Қазақстан облысы |
10-14.09.18 |
Көкшетау қаласы |
Ақмола облысы |
2018 жылғы қыркүйек айы |
Қарағанды қаласы |
Қарағанды, Павлодар облыстары |
17-21.09.18 |
Қостанай қаласы |
Қостанай облысы |
2018 жылдың қазан айы |
Петропавл қаласы |
Солтүстік Қазақстан облысы |
2018 жылдың қазан айы |
Ақтау қаласы |
Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары |
2018 жылдың қараша айы |