«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруда медициналық ұйымдарға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде Қазақстанның өңірлерінде денсаулық сақтау саласын жаңғырту мәселелері бойынша семинарлар өткізу жалғасуда.
26-27 шілдеде Шымкент қаласында жергілікті семинар болып өтті, оған жетекшілері қ. Шымкент және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Фармация комитеті аумақтық департаменттерінің өкілдері, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлер, бас дәрігерлердің орынбасарлары қатысты.
Екі күн бойы жұмыс тобының мүшелері семинарға қатысушыларды Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың, қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Жұмыс тобының құрамына Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің басшылығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері кірді.
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының атынан Менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова, Инфрақұрылымды дамыту және МЖӘ орталығының басшысы Назгуль Ахмадиева, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту бөлімінің бас маманы Малика Турганова және МСАК дамыту бөлімінің бас маманы Гульжан Муханова сөз сөйледі.
ДСДРО өкілдері әріптестеріне ҚР медициналық-санитариялық алғашқы көмекті 2018-2027 жылдарға арналған негізгі бағыттарын жаңғырту, Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын енгізу, «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобасын іске асыру туралы ақпарат берді, сондай-ақ, ТМККК тізбесін жетілдірудің, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрудың өзекті мәселелерін қозғады.