ДСДРО «Медициналық қызметтердің сапасын басқару» атты селекторлық кеңес өткізді

2018 жылғы 23 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық ұйымдардың сапаны бақылау жөніндегі  бірінші басшылардың орынбасарлары мен Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының сапа жөніндегі директорларының қатысуымен  селекторлық режимде «Медициналық қызметтердің сапасын басқару» тақырыбы бойынша кеңес өткізді.

 

Спикерлер ретінде ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова «Медициналық көмектің  сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарға  шолу»  тақырыбында, ДСДРО Аккредиттеу орталығы сыртқы кешенді бағалау секторының меңгерушісі Индира Мадиярова «Ұлттық аккредиттеу» тақырыбында,  ДСДРО Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева «Медициналық ұйымдардың рейтингі» тақырыбында баяндама жасады.

 

Селектор  шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Дүниежүзілік Банктің бірлескен шолуы ұсынылды: «Сапалы медициналық қызмет көрсету: жеткізуде жалпыға бірдей медициналық қызметпен  қамтудағы жаһандық міндеттеме». ДДҰ, ЭЫДҰ және ДБ-тің  әлемнің барлық елдеріне арналған ұсынымдары таныстырылды, сапалы медицинаның бес іргелі элементі  , сапа жөніндегі  ұлттық стратегияны  құру қажеттігі және, медициналық қызметтің сапасын арттырудың  негізгі құралдары айтылды.

 

«Қазақстандағы денсаулық жағдайы ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда қысқарақ күтілетін өмір сүру ұзақтығымен сипатталады. Мысалы, 2014 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы республикада 71,6 жылға бағаланса,  ЭЫДҰ елдерінде 8 жылдан артық – 80,5 жылға бағаланған.

Жалпы ЖӨҰ-дағы  айырмашылықтың басты себебі – 15 жастан бастап 29 жасқа дейінгі  жастар арасындағы  өлім –жітім – Қазақстанда бұл көрсеткіш ЕО-ға қарағанда үш есе артық. Бұған ЖКО, жарақат, суицид, жазатайым оқиғалар сияқты сыртқы факторлар және басқа да сыртқы себептер үлкен әсер етті. Жалпы алғанда, халық өлім-жітімінің  негізгі себептерін  созылмалы жұқпалы емес аурулар құрайды», – деп атап өтті өз сөзінде Айнур Айыпханова.

 

 Ұлттық аккредиттеу стандарттарын  жаңартуға байланысты (ҚР Денсаулық сақтау иинистрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығы) медициналық ұйымдарға қойылатын ұлттық аккредиттеуден өту үшін қажетті жаңа талаптар қаралды.  

 

Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларға аккредиттеуден кейінгі мониторинг өткізу мәселелері түсіндірілді. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг – бұл аккредиттеу мәртебесін алған күннен бастап келесі сыртқы кешенді бағалауға дейінгі  аккредиттеу кезеңі.  Медициналық ұйым сыртқы кешенді бағалаудан  өткеннен кейін сыртқы кешенді бағалаудан өту нәтижесіне қарамастан Түзету іс-шараларының жоспарын ұсынуы тиіс, яғни сыртқы кешенді бағалаудан  өтпеген медициналық ұйымдар да бұл ақпаратты береді. Сондай-ақ, аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап және оның мерзімі аяқталғанға дейін медициналық қызметтер сапасының сыртқы индикаторларына мониторинг жүргізіледі. Осылайша, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізудің негізгі мақсаты аккредиттеу стандарттарын қолдау болып табылады

 

Селекторда ДСДРО жариялаған Қазақстандық медициналық ұйымдардың 2017 жыл бойынша рейтингі қорытындылары талқыланды. Медициналық ұйымдар қызметін  рейтингтік  бағалау медициналық көмек сапасын басқару үрдісінің бір құрамдас бөлігі ретінде қаралады. Тәуелсіз бағалау қызмет берушілердің  қызметіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан, тұтынушыларды ақпараттандыру арқылы, ол медициналық ұйымдарды  қызмет көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуға ынталандырады.

 

Баяндамашылардың  презентациялары мына сілтеме бойынша қол жетімді