ДСДРО ана өлім-жітімінің құпия аудиті бойынша семинар өткізді

13-14 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ана өлім-жітімінің құпия аудитін (бұдан әрі – АӨҚА) жүргізу бойынша өңірлік үйлестірушілер және сарапшылар үшін оқу семинарын өткізді.

 

Семинар қатысушылары дәріскерлер – Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы "UMC" КҚ-ның  профессоры Гаури Бапаеваның, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы "UMC" КҚ-ның психотерапевті Әнуар Абзуллиннің және ұлттық сарапшы, ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Қанат Суханбердиевтің басшылығымен оқу курсынан өтті.

 

Іс-шара шеңберінде  оны жүргізу әдістемесі; материалды жинау, анонимизация және аудит шеңберінде пікірталас; құпиялылық принципі; Ана өлім-жітімінің құпия аудиті жөніндегі Орталық комиссияның  құрамы мен жұмысы және  оның төрағасының, мүшелерінің, сондай-ақ аймақтық  үйлестірушінің міндеттері сияқты тақырыптар қарастырылды. Семинарда теориялық білімнен басқа қатысушылар үшін құпия аудит жүргізу тәжірибесімен алмасуға арналған топтарда жұмыс жүргізілді.

 

Ана өлім-жітімі босандыру және медицина жүйесін дамытудың басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. құпия аудитті енгізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) үшін ана өлім-жітімін төмендетуге арналған қызметінің басым саласына  жатады, ол халықаралық ұйымдардың (ДДҰ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ) техникалық қолдауымен Қазақстан Республикасында 2009 жылдан бері енгізілуде.

 

Бүкіл әлемде болған оқиғаның жүйелі себептерін анықтау және оларды түзету жұмыстары  ең үздік нәтижелерге әкелетіндігін түсініп, мұндай практикадан әлдеқашан қайтса да, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін әрбір ана өлім-жітімі жағдайы үшін жазалау практикасы сақталып келеді.

 

АӨҚА мақсаты өлім-жітімге әкеп соққан жүйелі себеп-салдарлық байланыстарды белгілеу арқылы, кейіннен медициналық персоналды әкімшілік жазалауды толығымен жойып, олардың алдын алу үшін ұсынымдар жасап шығарумен ана өлім-жітімін төмендету және алдын алу болып табылады.