ДСДРО-да медицина қызметкерлерін ынталандыру және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті

27 тамызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында медицина қызметкерлерін ынталандыру және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.

 

Қатысушыларға сәлемдеме сөзімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстары департаментінің директоры Айгүл Қаптағаева және ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова шықты.

 

ДСДРО менеджмент орталығының жетекшісі Салтанат Идрисова медициналық қызметкерлерді ұтымды және тиімді басқару мәселелеріне назар аударып, медицина ұйымдарындағы төлеу жүйесін қайта қарау туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, орталық басшысы Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» бағдарламасының «Медициналық ұйым дәрігері жалақысының аймақ экономикасындағы орташа жалақысына қатынасы 1,1» көрсеткішінің 2019 жылы жету маңыздылығын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің «Менеджмент және корпоративтік басқару» жобасына сәйкес аймақтағы орташа жалақыға -1,5.

 

Қызметкерлердің көшбасшылығын және ынталандыруын дамыту шеңберінде денсаулық сақтау менеджерлері ұйымның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, менеджерлердің құзыреттері үшін жеке кәсіптік даму жоспарын уақытылы іске асыруға және медицина ұйымдары басшыларына және олардың орынбасарларына сыйақы берудің бонустық жүйесін ендіруге назар аудару керек.

 

Денсаулық сақтауды дамытудың заманауи шарттарында, медициналық ұйымдар өздерінің меншік нысандарын өзгерткен кезде ДСДРО әзірлеген «ШЖҚ МК-да медициналық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу және ынталандыру бойынша үлгілік ережелер» негізінде еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және денсаулық сақтау секторын жаңғырту аясында медициналық кадрларды кадрлық қамтамасыз етуде аймақтың рөлі күшейтіледі. ДСДРО облыстың медицина қызметкерлеріне қажеттілігін есептеу әдістемесін ұсынды, ол бекітілген және 5 өңірде жүзеге асырылатын болады. Облыстың медицина қызметкерлерінің қажеттілігін есептеу әдістемесіне сәйкес, мамандарды даярлауға өтініштер өңделеді.

 

Сондай-ақ, кездесу барысында медициналық ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізу, медицина ұйымдарында еңбекақы төлеуді қайта қарауды нормативтік қамтамасыз ету, шұғыл медициналық қызметті жаңғырту шеңберінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 

Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдеріне «ШЖҚ МК-да медициналық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу және ынталандыру бойынша үлгілік ережелер» тиімді іске асыру, штаттық кесте және штаттық нормалау бойынша әрекет алгоритмі ұсынылды.

 

Өзінің сөйлеген сөзінде ДСДРО МО Обсерватория басшысы Ольга Демушкан ДСДРО спикері қатысушыларды кепілдендірілген медициналық көмек көрсетілетін дәрігерлердің ең төменгі деңгейін (халықаралық тәжірибе негізінде) көрсететін икемді адами ресурстарды жоспарлаудың  ұсынылған нормативін ҚР ДСМ-нің өңірлерді қамтамасыз ету бұйрық жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыспен таныстырды.

 

Кездесу барысында:

 

-«Аймақтарды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы;

- шұғыл медициналық қызметті кадрмен қамтамасыз ету;

- адами ресурстарды дұрыс жоспарлау сұрақтары, олардың саны, білікті басқару персоналының жетіспеуі, кадр қызметтерінің ескірген қағидаттары, басқару және денсаулық сақтау экономика мамандардың болмауы;

- өңірлік деңгейде адами ресурстарды  болжау және жоспарлау құралы ретінде штаттық нормалаудан икемді жоспарлауға көшу кезеңінде медициналық кадрларға қажеттілігін есептеу әдістемесін пайдалану туралы әдістемелік нұсқаулықтар талқыланды.

 

Баяндамашылардың презентациялары сілтемеде бар.