ҚР ДСМ-нің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің қанағаттандырылуы туралы сауалнама жүргізуде.
Сауалнама жұмыс шарттарын, басқару деңгейін, ынталандыруды анықтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының мансаптық мүмкіндіктеріне, оқытуға және дамытуға бағытталған.
Сауалнама қызметкерлерді персоналды басқару жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін өзпікірлерін, тілектерін және ескертулерін білдіруге мүмкіндік береді.
Сауалнаманы өткізудің мерзімі - 2018 жылғы 25 тамыздан бастап 25 қыркүйекке дейін.
Сауалнаманы толтыру үшін https://ru.surveymonkey.com/r/LL2MPXS сілтемесіне өтіңіз.