Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңа үлгісі бекітілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың  2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы» бұйрығына қол қойды және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың  негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі  2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.

 

Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек тәуліктік медициналық бақылауынсыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмекті қамтиды. Бұл, ең алдымен:

 

- анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеу арқылы бекітілген халықты амбулаториялық қабылдау және үйде қызмет көрсету;

- отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғау, соның ішінде отбасын жоспарлау;

- ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

- профилактикалық іс-шаралар және қауіп факторларын айқындау;

- ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер және т.с.с.

 

МСАК-тің  күшті денсаулық сақтау жүйесі неғұрлым тиімді әрі шығындары аз және қауымның медициналық көмек көрсету деңгейіне  қанағаттанушылық дәрежесі жоғары бола тұра халықтың денсаулық көрсеткіштері жақсырақ болатындығы дәлелденген.

 

Денсаулық сақтау жүйесінде МСАК қызметін он мыңға жуық дәрігер 1836 денсаулық сақтау объектілерінде көрсетеді, оның ішінде 86% - ы мемлекеттік болып табылады, қазіргі уақытта іс жүзінде жалпы дәрігерлік практиканың жеке және шағын түрлері дамымаған. Сондай-ақ, бастапқы буын қызметкерлерінің жүктемесі жоғары екендігі байқалады:  ұсынылатын жүктеме 1 500 қызмет көрсетілетін халық болғанда  бір жалпы тәжірибе дәрігеріне  нақты жүктеме 2 000-нан астам халықты құрайды.

 

Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы жүйесі, халықты диспансерлеу қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді, бола отырып, тиімсіз және шығынды мемлекет үшін. МСАК дәрігері жұмыс уақытының   қомақты үлесін бұрынғыша қағаз жүзінде медициналық құжаттама жүргізу алады. Бірқатар жылдар бойы диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу кезінде жан басына шаққандағы нормативтің сомасы өзгеріссіз қалып келеді. Халықтың өз денсаулығын сақтау, сектораралық өзара іс-қимыл үрдісіне тартылуының төмен деңгейі сақталуда.

Осыған байланысты Қазақстан МСАК-ты нығайту қадамдарын  қабылдайды. Қабылданған бұйрықта МСАК дамытудың алдағы 5 бес жылға арналған бес бағыты айқындалған: 

               - халықтың қажеттіліктеріне бағдарланған МСАК бірыңғай жүйесін құру;

               - халықты МСАК қызметтерімен жаппай  қамтуды жақсарту және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

               - халықтың өз денсаулығын нығайтуға және профилактикаға, скринингке және ерте араласуға  деген  назарын арттыру;

               - МСАК әлеуетін арттыру (адами ресурстарды, инфрақұрылымды дамыту);

               -  пациенттің қажеттіліктеріне бағдарланған МСАК-ты цифрландыру.

 

Бұйрыққа сәйкес медициналық көмек көрсету жүйесінің жаңа үлгісі анықталады, онда алғашқы медициналық көмек денсаулық сақтау жүйесінің басты буыны болмақ және мынадай шаралар қабылданатын болады:

 

-  МСАК қызметтерінің нақты тізбесі және скрининг, созылмалы аурулар және жіті жағдайларда динамикалық бақылау кезіндегі  пациенттің тиімді бағдары қалыптастырылды ;

- бейінді маманды мультипәндік командаға немесе топтық отбасылық практикаға тарту арқылы бейінді қызметтерді МСАК-қа кезең-кезеңмен интеграциялау;

- халық МСАК қызметтеріне 15-минутты қадамдық қолжетімділікпен  қамтамасыз етілетін болады;

- персоналды уәждеу және көтермелеу тетіктері қайта қаралды;

- профилактикалық рәсімдерден уақтылы өтуі үшін халықты ынталандыру және көтермелеу жүйесі енгізілді.

 

Министрдің бұйрығына сәйкес МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекітілген  пациенттің күн сайын сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыс және мереке күндері кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз етілген барлық мамандарға арналған жылжымалы кесте бойынша МСАК деңгейінде тегін көмек алуға мүмкіндігі бар. Дәрігердің қабылдауы жүгінген күні жүзеге асырылады, 1 пациентке қызмет көрсету уақытының нормативі – 15 минут. Арнайы маманның консультациясын  күту уақыты орташа есеппен 7-10 күнді құрайды. Дәрігердің, мейіргердің үйде қызмет көрсетуі  шақырған күні жүзеге асырылады.

 

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді.

 

Аталған бұйрықпен мына сілтемеге өтіп, ДСДРО сайтында танысуға болады.