Павлодарда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша семинар өтуде

27-28 тамыз аралығында Павлодар қаласында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың басты мәселелері бойынша аймақтық семинарлар өтті.

 

Семинарды жүргізетіндер:  ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің, ҚР ДСМ Фармация комитетінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері

 

Семинар тыңдаушылары Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Фармация комитеті аумақтық департаменттерінің өкілдері,бас дәрігерлер, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары  болып табылады.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасы бойынша «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруда медициналық ұйымдарға және Денсаулық сақтау басқармаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін Қазақстанның барлық облыстарында өңірлік семинарлар өткізу жалғасуда.

 

МЖӘ-ні дамыту орталығы директорының орынбасары Ержан Акрам  өз сөзінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелендірудің, сондай -ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың  өңірлік жоспарларын сақтаудың және орындаудың қажеттігін атап өтті.

 

Айта кетейік, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті  дамыту шеңберінде Павлодар облысында екі дәрігерлік амбулатория сенімгерлік басқаруға берілген. Сондай-ақ, МЖӘ бойынша екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған:

 

- 2021-2025 жылдары 500 төсектік үлгілік көп бейінді облыстық аурухана салу;

- 2020 жылы Павлодар қ. «Достық» ықшам ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхана  салу

 

 Гульжан Муханова, МСАК-ты дамыту бөлімінің бас маманы, барлық деңгейдегі медициналық көмекті  пациенттің мүддесі айналасына интеграциялау, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті  басым дамыту туралы әңгімелеп берді. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізуге, кеңейтілген тәуелсіз мейірбикелік практиканы жүргізуге жеке-жеке тоқталып өтті.

 

Айгүл Әбдірахманова, медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бас сарапшысы, әріптестері алдында медициналық білім беруді және ғылымды жаңғырту, адам ресурстарды  стратегиялық басқару мәселелері бойынша баяндама жасады.

 

Семинарға қатысушыларға қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін құру, сектораралық өзара іс-қимылды дамыту туралы Малика Турганова , ДСДРО қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту бөлімінің бастығы ақпарат берді. Сондай-ақ, өз сөзінде спикер Қазақстанда госпитальдық сервисті енгізу, медициналық туризмді дамыту қажеттілігіне толығырақ тоқталып өтті.

 

2018 жылғы мамыр айынан бастап  Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында аймақтық семинарлар болып өтті.